Accessibility links

"Қазақмыс" жұмысшысына ереуілге шықпауды ескертті


"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны.
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны.
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары басшылықтан жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шығатын туралы әкімдікке өтініш тапсырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне телефон арқылы корпорация жұмысшысы Сәуле Сейдахметова хабарлады.

Оның айтуынша, 14 наурыз, сәрсенбінің кешінде өзі және тағы төрт-бес жұмысшы Жезқазған қаласының әкімі Бауыржан Шыңғысовпен кездескен. Кездесуде олар әкімгеі жалақыны көтеру туралы талаптары мен жұмысшылар жағдайын айтқан, 22 наурызда ереуілге шығу туралы өтініш тапсырған.

Ал сол күні Жезқазған қаласының прокуратурасы "Қазақмыс" корпорациясының жұмысшысы мен кейбір белсендіге ереуілге шықпау туралы ескерту жасады.

Сәуле Сейдахметованың айтуынша, 14 наурызда прокуратура өкілдері оның үйіне келіп, ереуілге шықпауды ескерткен құжатты тапсырып кеткен. Олар Сейдахметоваға ереуілге шыққан жағдайда әкімшілік жаза тағайындалатынын айтқан.

Сәуле Сейдахметова жергілікті "Молодая газета" басылымының бас редакторына да осындай ескерту берілгенін айтты.
XS
SM
MD
LG