Accessibility links

Мугабе Зимбабве президенті болып қайта сайланды


Зимбабве президенті Роберт Мугабе. 30 шілде 2013 жыл.
Зимбабве президенті Роберт Мугабе. 30 шілде 2013 жыл.
Зимбабвенің қазіргі президенті Роберт Мугабе кезекті бес жыл мерзімге ел президенті болып тағы сайланды.

Сенбі күні Зимбабве орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Рита Макараудың мәлімдеуінше, 31 шілдеде өткен президент сайлауында Роберт Мугабеге сайлаушылардың 61 пайызы дауыс берген. Оның басты қарсыласы премьер-министр Морган Цвангираиға сайлаушылардың 34 пайызы қолдау білдірген.

Сонымен бірге сәрсенбіде өткен парламент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, Мугабені қолдайтын "Зимбабвенің Африкалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан" партиясы парламенттегі орындардың үштен екісіне ие болғаны хабарланды.

Цвангираи мен одақтастары сайлау кезінде заң бұзу оқиғаларының көп болғанын алға тартып, жаңадан жасақталатын үкіметтің жұмысына бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Зимбабведегі сайлауға Африкалық одақтан барған бақылаушылар тұтас алғанда сайлаудың "еркін және адал" өткенін айтқан.

Мугабе мен Цвангираи осымен үшінші рет президент сайлауында бәсекелес болды. Бұған дейінгі 2002 және 2008 жылдары өткен сайлауда да Цвангираи жеңіліп қалған еді.

89 жастағы Роберт Мугабе Зимбабвені ел Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері басқарып отыр.
XS
SM
MD
LG