Accessibility links

НАТО Киевте полицияның күш қолданғанын айыптады


НАТО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері. Брюссель, 3 желтоқсан 2013 жыл.
НАТО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері. Брюссель, 3 желтоқсан 2013 жыл.
НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Киевтегі демонстранттарға қарсы тым қатаң күш қолданылғанын айыптады деп хабарлады бүгін BBC.

Брюссельде кездескен министрлер бірлескен мәлімдеме жасап, Киевті оппозицияға қатысты ұстамдылық танытуға шақырған.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украина үкіметін "халықтың талап-тілегін тыңдауға" шақырған еді.

Кеше Украина парламентінде премьер-министр Николай Азаров Киевте полицияның наразылық акцияларына қатысушыларға күш қолданғаны үшін кешірім сұраған еді.

Оппозицияның мыңдаған жақтасы Киев пен басқа да қалаларда бірнеше күннен бері үкіметтің Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқанына наразылық білдіріп жатыр. Кеше мыңдаған демонстрант үкімет үйі алдына жиналып, түнімен тарқамай шеру өткізді.

29 қарашада Вильнюсте өткен «Шығыс ынтымақтастығы» саммитінде Грузия мен Молдова Еуропалық одақпен ассоциация келісіміне қол қойған. Саммитке бір апта қалғанда Киев ЕО-пен келісімге қол қоюға дайындықты тоқтатынын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG