Accessibility links

Орамалды оқушылар ата-аналарының апелляциялық шағымы қарала бастады


Қазақстанның оңтүстік өңірінде мектепте орамал тартып отырған оқушылар (Көрнекі сурет).
Қазақстанның оңтүстік өңірінде мектепте орамал тартып отырған оқушылар (Көрнекі сурет).

Астана қалалық сотында 27 наурызда орамалын шешпегені үшін өткен жылдың қыркүйегінен бері мектепке кіре алмай жүрген ондаған оқушы ата-анасының апелляциялық шағымы қарала бастады. Алғашқы сот инстанциясының шешімімен келіспеген ата-аналар білім және ғылым министрінің міндетті мектеп формасына қойылатын талап туралы бұйрығының 13-пунктін заңзыз деп тануды талап етеді. Бұйрықтың 13-пунктінде "мектеп формасына қандай да бір дінге қатысы бар элементтерді қосуға" тыйым салынған.

Астананың Есіл аудандық соты былтыр желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы ата-аналарының шағымын қанағаттандырмаған. Ол ата-аналардың қыздарын мектеп формасына қоса орамал таққаны үшін мектепке кіргізбей қойған. Ал ата-аналардың өзі "міндетін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін" әкімшілік жауапқа тартылған.

Аудандық соттың шешімінде заңды күші бар бұйрықты білім және ғылым миинстрі өкілетіне сай шығарғаны, ал оның ата-аналар даулаған бөлігі Қазақстан Конституциясы мен заңдарына қайшы емесі айтылады.


Шағымданушылардың өкілі Миржан Ғабдуллиннің апелляциялық шағымында министрдің 2016 жылдың 14 қаңтарында шығарған № 26 бұйрығындағы даулы пунктің Қазақстан Конституциясына, Бала құқығы жөніндегі конвенцияның 30-бабына, "Бала құқығы туралы" заңға және "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңға қайшы екені айтылады.

Апелляциялық шағым түсіргендер соттан жаңа шешім шығарып, министрдің бұйрығын заңсыз деп тануды және оны тіркеуден шығаруды талап етеді.

Оқи отырыңыз: Ата-аналары орамалды оқушыларды Ресейде оқытпақ

Мектепте орамал тартуға қатысты дау биыл Қазақстаннның бірнеше өңірінде туындаған. Кейбір облыстарда орамал тартатын оқушыларды сабаққа кіргізбей қою оқиғалары да кездескен. Ондаған оқушының ата-анасы орамал тартатын балаларының мектепке кіргізілмеуіне қатысты сотқа шағмданған. Бірақ сот білім және ғылым министрлігі мен мектептің ұстанымын қолдаған.

XS
SM
MD
LG