Accessibility links

"Алашорда" туралы жаңа фильм таныстырылды


Жанболат Мамайдың "Егер Алаш Республикасы жеңгенде" атты деректі фильмінен скриншот.
Жанболат Мамайдың "Егер Алаш Республикасы жеңгенде" атты деректі фильмінен скриншот.

Журналист Жанболат Мамай "Алашорда" автономиялық үкіметінің қайраткерлері туралы жаңа деректі фильмін таныстырды. "Егер Алаш Республикасы жеңгенде" деп аталатын фильм YouTube-те жарияланды. Автор фильмде "Егер Алаш Республикасы, Алашорда үкіметі жеңгенде, қазір қандай мемлекетте өмір сүрер едік? Олар қандай ел құруды армандады?" деген сауалдарға жауап іздегенін айтады.

Фильмде Жанболат Мамай 20-ғасыр басындағы "Алашорда" автономиясының құрылуына, сол кезеңдегі әлеуметтік-саяси жағдайға талдау жасап, Алашорда үкіметі жеңгенде қандай мемлекет құрылуы мүмкін екендігіне болжам жасайды.

Фильм "Тәуелсіздік үшін күрес", "Қазақстандық демократтар мен алғашқы тәуелсіздік", "Олар Қазақстаннан екінші Жапония жасамақ болды" және "Алаш Республикасы жеңгенде..." деп аталатын төрт бөлімнен тұрады.

Фильмде Мұстафа Шоқай, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай, тарихшы Мәмбет Қойгелді және басқа да зерттеушілердің еңбектерінен деректер келтірілген.

XS
SM
MD
LG