Accessibility links

АҚШ соты Пол Манафортты кінәлі деп таныды


Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы.
Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы.

Вашингтон соты АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафортты 18 пункт бойынша тағылған айыптың сегізіне қатысты айыпты деп таныды. Манафорт салық төлеуден жалтару ісінде бес эпизод, банк қитұрқылығы ісінде екі эпизод және шетел банкінде есепшоты барын жасыруға қатысты бір эпизод бойынша кінәлі деп танылды.

Трамптың сайлауалды штабын басқарған Манафортқа Украинада саяси технолог ретінде істеген жұмыстарына қатысты айып тағылған. 2016 жылдың маусымынан тамызына дейін Трамптың сайлауалды штабын басқарған Манафортқа сайлауға килігумен тікелей байланысты айып тағылмаған.

Манафорт - Мәскеу мен Трамптың сайлауалды штабы арасындағы ықтимал астыртын сөз байласуды тергеу ісімен байланысты алғаш сотталып отырған адам. Бұл істі тергеуді арнайы прокурор Роберт Мюллер жүргізеді. 2017 жылы қазанда Пол Манафорт пен оның бизнестегі серігі Рик Гейтс тергеудегі алғашқы фигуранттар атанған. Олар АҚШ-қа қарсы астыртын сөз байласты және Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович пен оның "Аймақтар партиясының" мүддесін қорғаштады деген күдікке ілінген. Рик Гейтс кінәсін мойындаған, ал Манафорт айыптауды терістеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG