Accessibility links

Ташкент: Тыйым салынған ұйымдарға қосылғанына өкінгендер жазаланбайды


Hands of the prisoner on a steel lattice close up. Prison, man in handcuffs.
Hands of the prisoner on a steel lattice close up. Prison, man in handcuffs.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елде тыйым салынған ұйымдар қызметіне қатысқандарды егер олар айыбын мойындаса қылмыстық жауапкершіліктен босатуды қарастыратын жарлық шығарды. Өзбекстандық БАҚ-тың хабарлауынша, президент жарлыққа 19 қыркүйекте қол қойған.

"Террорлық, экстремистік және тыйым салынған басқа да ұйымдарға адасып қосылып кеткен Өзбекстан азаматтарын қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібін жеңілдету туралы" жарлыққа сай, азаматтардың өтінішін Өзбекстан бас прокуроры Отабек Муродов басқаратын республикалық ведомствоаралық комиссия қарайды.

Бұл комиссияның тұжырымы негізінде Өзбекстан азаматтарын қылмыстық жауапкершіліктен босататын жаңа ереже 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

"Шетелдердегі тыйым салынған ұйымдар қатарына адасып қосылып кеткен азаматтар істеген ісіне өкініп, айыбын мойындайтыны туралы хаттарын өздері жүрген елдердегі Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Өзбекстан құқық қорғау органдарына тапсыра алады" делінген құжатқа берілген комментарийде.

2017 жылдың маусымында президент Шавкат Мирзияев күш құрылымдары түзген "қара тізімді" қайта қарап, одан себепсіз айып тағылған адамдарды шығаруды тапсырған. Тізімге "сенімсіз дін ұстанушылар" мен діни сеніміне бола іздеуде жүрген адамдардың аты-жөні енгізілген.

Кейбір мәліметтер бойынша, "қара тізімге" 16 мыңнан астам адам ілінген. 2017 жылы тамызда Өзбекстан билігі аталған тізімнен бірнеше мың адам - діни-экстремистік ағымдардың өкілдері мен қуғында жүрген диссиденттердің шығарылғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG