Accessibility links

Мирзияев Өзбекстанда 25 жылдан астам уақыт тұрғандарға азаматтық беретінін айтты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев парламентте сөйлеп тұр. Ташкент, 22 қаңтар 2020 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев парламентте сөйлеп тұр. Ташкент, 22 қаңтар 2020 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 1995 жылға дейін Өзбекстанға көшіп келген және осы жерде әлі тұрып жатқан адамдарға азаматтық беретінін айтты.

24 қаңтар күнгі халыққа жолдауында Мирзияев бұл қадам Өзбекстанда тұрып жатқан шамамен 50 мыңнан астам адамның мәселесін шешеді деді. Ол парламентке бұл ұсынысты қарап, 1 мамырға дейін қажетті заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Мирзияев сонымен бірге ішкі көші-қон саласында саясатты либерализациялау мен ауылдық жер тұрғындарына Ташкентте тұрып, жұмыс істеуге тыйым салатын совет заманынан бері келе жатқан жүйені жою қажеттігін айтты. Өзбекстан президенті мыңдаған өзбекті өзге елден жұмыс іздеуге мәжбүрлейтін тәжірибеден бас тартатын кез келді деді.

Мирзияев сонымен бірге мемлекеттік құрылымның қызметін бақылауға арналған қоғамдық палата құрылатынын да айтты.

Оқи отырыңыз: "Өзбекстанда саяси өзгеріс жасауға Шавкат Мирзияевтың дәті шыдамады"

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG