Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
14:46 16.3.2022

16 наурыз. Түске дейін не болды?

  • Украина қарулы күштерінің бас штабы Ресей соғысқа жұмылдырған әскери күшінің 40 пайызынан айырылды деп мәлімдеді.
  • Киев, Харьков, Запорожье және Одесса түбінде түнде және таңертең жарылыстар болды.
  • Украина президенті Зеленский Чехия, Польша, Словения премьерлерімен кездесті.
  • Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге Ресейдің репарациясы (бір елдің екінші елге соғыс зиянын толық я жартылай өтеп беру) да қажет болады деді.
  • АҚШ сенаты Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тергеуге шақыратын қарар қабылдады.
  • Украина тарабы соғыстан соң жарылмай қалған миналарды тазартуға бірнеше жыл кетеді деп мәлімдеді.
  • Ресей қоршауындағы Мариуполь қаласынан 15 наурызда 20 мың адам эвакуацияланғаны хабарланды. Қала басшылығы Ресей әскерилері облыстық ауруханада 400 дәрігер мен науқасты "кепілде ұстап отыр" дейді.
  • Мариупольде 2 мыңнан аса адам қаза тапқаны да айтылды.
14:25 16.3.2022

Ресей мен Украина тарабының соғыстағы шығыны туралы мәлімдемелері

Ресей қорғаныс министрлігі:

  • Ұшақтар — 111;
  • Тікұшақтар — 68;
  • Дрондар — 160;
  • Танкілер мен бронемашиналар— 1353;
  • Реактивті отты қару тиеген көліктер — 129;
  • Артиллерия мен минометтер — 493;
  • Зениттік ракета кешендері — 159.

Украина қарулы күштерінің бас штабы:

  • Ұшақтар — 84;
  • Тікұшақтар — 108;
  • Танкілер — 430;
  • Бронемашиналар — 1375;
  • Реактивті отты қару тиеген көліктер — 70;
  • Артиллерия жүйелері— 190;
  • Ракетаға қарсы құрылғылар — 43;
  • Адам шығыны — шамамен 13 800 әскери (жараланғандар мен қаза тапқандар).

Соғыс уақытында бұл деректерді тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес.

14:17 16.3.2022

Украина президенті Владимир Зеленскийдің 15 наурыз түнде жасаған видеомәлімдемесі:

  • Келіссөздердегі позициялар «ақылға қонымды» бола бастады, бірақ уақыт пен шыдам керек.
  • Ресей Украинаға қарсы 900-ден аса ракета атқылады.
  • Украинадағы журналистердің қазасы – Мәскеуге санкцияны күшейтуге тағы бір себеп.
  • 16 наурызда АҚШ Конгресінде сөз сөйлеймін.
08:35 16.3.2022

Украинада Fox News телеарнасының тілшісі қаза тапты

Пьер Закржевский.
Пьер Закржевский.

Украинадағы соғыстан хабар таратып жүрген Fox News телеарнасының тілшісі, оператор әрі фотограф Пьер Закржевский Киев маңындағы Горенка ауылында оққа ұшып, көз жұмды. Ол 55 жаста болған.

Телеарнаның бас директоры Сюзанна Скотт марқұм журналист Ирак, Ауғанстан, Сирия, Украинаға дейінгі барлық халықаралық жанжалдардың ортасында жүріп хабар таратқанын айтты. Әріптестері Закржевскийді өз ісінің шебері ретінде еске алады.

Мәліметке қарағанда, Закржевскиймен бір көлікте болған Fox News телеарнасының тағы бір журналисі Бенжамин Холл ауыр жараланған. Бұдан бөлек украин басылымдары жергілікті журналист Александра Кувшиноваға да оқ тиіп қаза тапқанын хабарлады.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың айтуынша, Fox News журналистерінің алған жарақаттарына қарағанда, олар миномёт және артиллериялық атқылауға тап болған. Геращенко оқ орыс әскерлері тарабынан атылғанын айтты.

13 наурызда Киев облысы Ирпень қаласында америкалық журналист Брент Рено мерт болып, оның әріптесі ауыр жарақат алған.

New York Times басылымының редакторы Брент Реноның өлімін ауыр қабылдағанын жеткізіп, ол 2015 жылға дейін NYT тілшісі болғанын айтты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG