Accessibility links

Байден Ресей мұнайы импортын тоқтату туралы заңға қол қойды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинадағы соғысына байланысты Мәскеу мен Минскіге қосымша санкция салатын екі заң жобасына қол қойды.

Ақ үй хабарламасына сәйкес, "Ресей мұнайы импортын тоқтату туралы заң" Ресейден энергетика өнімдерін импорттауға тыйым салады. Ал "Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда қарым-қатынасын тоқтату туралы заң" сауда және адам құқығы жөніндегі санкцияларды күшейтуге бағытталған.

Екі заң да Ресейдің Украинадағы агрессиясымен байланысты. Заң жобаларын жуырда Конгресс мақұлдаған. Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, санкция - бұл "президент қолдап келген және соған үндеген" шара.

Байден әкімшілігі осы аптада Ресейдің ірі қаржы институттары мен бірқатар тұлғаларына санкция жариялаған.

Еуроодақ та Ресейге кезекті санкциялар пакетін жариялады. Оған сәйкес, өзге өнімдерден бөлек, Ресейден көмір импорттауға, сонымен қатар Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларына Еуроодаққа кіруіне тыйым салынды. Санкция тізіміне Владимир Путиннің қыздары Катерина Тихонова мен Мария Воронцова да енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG