Accessibility links

Жаңаөзенде 1 мамырда ұсталған екі адамға айыппұл салынды. Бірі былтырғы пикеті үшін жазаланды


Жаңаөзен қаласы. Көрнекі сурет.
Жаңаөзен қаласы. Көрнекі сурет.

1 мамырда Жаңаөзенде жоспарланып, бірақ өтпей қалған митингіге байланысты ұсталған жеті адамның екеуіне "заңсыз митингіге қатысты" деген айыппен айыппұл салынды. Айыппұл алғанның бірі - көп балалы ана Жадыра Досекеева.

Жаңаөзен соты оны заңсыз митингіге қатысты деп айыптап (Әкімшілік кодексінің 488-бабының 6-тармағы) 30 айлық есептік көрсеткішке тең (91890 тенге) айыппұл салған. Сот Досаеваны 1 мамырда ұстағанымен, оған 2021 жылы 30 тамызда мәжбүрлі екпеге қарсы пикетке шыққаны үшін айыппұл салған.

Ол бұған дейін билікке талап айту үшін Жаңаөзен әкімдігіне бес рет арыз түсіріп, бірде-біріне оң жауап алмаған.

- Мен сәуірде бес рет митинг өткізуге рұқсат сұрап, арыз түсірдім. Рұқсат бермеді. Ал сотта ол туралы емес бір жыл бұрынғы акцияны көлденең тартты, - дейді ол.

Сот Досекееваны көп балалы ана екенін ескеріп, оған 30% жеңілдік жасаған. Дәл осындай айыппен Бақтыгүл Құлманова да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған да 91 мың теңге айыппұл салынған.

1 мамырда Жаңаөзенде митинг өтеді деген Қашаған ескерткіші маңына бармақ болған бірнеше адамды полиция ұстап әкетіп, бірнеше сағаттан соң жіберген. Белсенділер полицейлер наразылыққа бармақ болғандардың плакаттарын қоқысқа апарып өртеп жібергенін айтқан.

Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов халықты 1 мамырға билікке қарсы митингіге шақырған. Ол митингіде ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығу; жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны екі есеге дейін өсіру; кредиттерді кешіру талаптарын көтеруді, Украинаны қолдауды ұсынған.

Митинг өтетін күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбеде күзет күшейіп, Алматыда он шақты адам ұсталған.

Әблязовтың ҚДТ қозғалысы Қазақстанда "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Ал Еуропарламент бұл қозғалысты "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атайды.

Өтпеген митинг, ұсталған адамдар. Полиция он шақты адамды күшпен ұстап әкетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG