Accessibility links

Германия канцлері Шольц соғыс алдында Путинге "Украинаның алдағы 30 жылда НАТО-ға мүше болмайтынын" айтқан


Германия канцлері Олаф Шольц
Германия канцлері Олаф Шольц

Германия канцлері Олаф Шольц Ресей Украинаға күшпен кірмей тұрғанда Владимир Путинді "Украина алдағы 30 жылда НАТО-ға кірмейді" деп сендіруге тырысқанын айтты деп хабарлайды Die Welt.

Мұнан өзге Шольц Путинге "НАТО-ның Мәскеуге ешқашан қатер төндірмегенін және "НАТО Ресейдің мүддесін ескермейді" деген айыптың негізсіз екенін түсіндірген.

Германия канцлері Ресейдің Украинаға әскер кіргізердегі желеуін "мүлде абсурд" деп есептейді.

Шольц Путинмен қашан әңгімелескенін нақтыламаған. Германия мен Ресей басшылары соңғы рет 21 желтоқсанда сөйлескен. 15 ақпанда Шольц Путинмен Мәскеуде кездескен.

24 ақпанда Путин бұйрығымен Украинаға Ресей әскері кірді. Путин бұл әрекетін НАТО "Украинаны Ресейге қарсы пайдаланып жатқанымен" байланыстырды. Киев пен НАТО бұл уәжді теріске шығарды.

Insa әлеуметтану институтының мәліметтеріне сүйенген DW Германия канцлері Олаф Шольц пен коалициялық үкімет рейтінгі 2021 жылдың желтоқсанынан бері рекорд деңгейінде құлдырағанын айтады.

.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG