Accessibility links

Тоқаев өткен сайлауды "ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы" деп атады


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған жиында сөз сөйлеп тұр. Астана, 21 наурыз, 2023 жыл
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған жиында сөз сөйлеп тұр. Астана, 21 наурыз, 2023 жыл

Тоқаев күні кеше өткен парламент сайлауын "бүкіл реформаларды алға бастайтын өте маңызды қадам" әрі "ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы" деп сипаттады. Қазақстан президентінің айтуынша, мемлекет "жаңа дәуірге қадам басып, жаңа саяси келбетке ие болды".

"Кеше ғана өткен мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформамызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты" деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сөзін Астанадағы "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументінің жанында Наурыз мерекесіне арналған жиында айтты.

Жұрт алдында сөйлеген президент бір жылғы жоспарды "табысты жүзеге асырғанын" мәлімдеді.

– Мен дәл бір жыл бұрын тың бастама көтердім. Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформалар ұсындым. Халық бұл бастамаларды қолдады. Біз жоспарымызды бір жылда табысты жүзеге асырдық. Референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгіздік. Билік жүйесін қайта жасақтау үшін маңызды саяси шаралар іске асырылды, – деді Тоқаев.

Президент депутаттыққа кандидаттар мен кей бақылаушылар айтып жатқан жаппай бұрмалау туралы ештеңе демеді.

19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Мәжілістегі 98 орынның 69-ы пропорционал әдіспен жеті саяси партия арасында бөліске түсті. 20 жылда алғаш рет бірмандатты 29 округтен мажоритар әдіспен сайлау болды. Ресми дерек бойынша, бұл орындарға 600-ге тарта кандидат таласты. Халықаралық бақылаушылар жаңа өзгеріс біршама бәсеке тудырғанын атап өтті. Сайлауды бақылаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясы "сайлау саяси өмірге бәсеке әкелгенімен, әртүрлі әкімшілік кедергілер әлі бар" деп мәлімдеді. Сайлауға өз-өзін ұсынған бірнеше кандидат дауыс беруді мойындамайтынын айтып, сотқа шағымданды.

"Тоқаевтың бет-бейнесі — осы". Бір топ кандидат сайлауды мойындамайтынын мәлімдеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Әлеуметтік желіде бюллетеньді топтап салу, бақылаушылардың сайлауды бақылауына кедергі жасау, сайлау учаскелерінде хаттаманы уақытында бермей, созбаққа салу сынды заңбұзушылықтар туралы көп ақпарат болды.

Ресми мәлімет бойынша, 12 миллионнан астам сайлаушының 6,3 миллионы дауыс берген. Мәжіліске алты партия өткен:

  • "Аманат" – 53,90%
  • "Ауыл" – 10,90%
  • "Республика" – 8,59%
  • Қазақстан халық партиясы 6,80%
  • қ жол" – 8,41%
  • ЖСДП – 5,20%

Бірмандатты округтерден сайланғандардың басым бөлігі – биліктегі "Аманат" партиясының өкілдері.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG