Accessibility links

«Алматы туры-2015» велобәйгесі

Алматыда осымен үшінші жыл қатарынан «Алматы туры» халықаралық веложарысы өтті.

Әрқайсысы 31 километрлік алты айналымнан тұратын, жалпы қашықтығы 186 шақырымдық бір күндік велобәйгеге 20 командадан жиыны 150 адам қатысты. Биылғы жарыста Astana Pro Team командасының мүшесі, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Екінші орынды оның командаласы, италиялық спортшы Фабио Ару, үшінші орынды – ресейлік «Катюша» командасының өкілі Павел Кочетков иеленді.

XS
SM
MD
LG