Accessibility links

Химиялық қару тарихы

Химиялық қарулар ұзақ жылдар бойы адам өлтіру құралы ретінде пайдаланылып келеді. Бірақ 20-ғасырда бұл жойқын қару жан шошырлық ауқымда қолданылды. 1914 жылдан бүгінге дейін химиялық қару 1 миллион 500 мың адамды мерт қылып, әйтпесе жаралады. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлор, иприт пен фосген; екінші дүниежүзілік, Вьетнам және Иран-Ирак соғысында напалм бомбалары және 1980 жылдарда Иракта күрдтерге қарсы зарин газы қолданылды. Сириядағы соңғы қақтығыс кезінде зариннен жүздеген адам өлді. 1925 жылғы Женева хаттамасы және 1992 жылғы Химиялық қарулар конвенциясы бойынша соғыс кезінде химиялық қару қолдануға тыйым салынған еді.

XS
SM
MD
LG