Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:43 18.2.2021

Қазақстанда вирустың мутациясы "тіркелген жоқ"

Қазақстанда коронавирустың Британия, Бразилия және Оңтүстік Африка штамы тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитария-эпидемиология сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының өкілі Манар Смағұл хабарлады.

"Қазақстанда анықталған штамда айтарлықтай үлкен мутация анықталған жоқ және бұрынғы сақтық шаралары сол күйі қалады" деді Смағұл.

09:17 18.2.2021

Қазақстандағы Covid дерегі: 930 науқас, 10 өлім тіркелді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

18 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен 930 науқас (869 КВИ+ және 61 КВИ-), 10 өлім тіркелгенін хабарлады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Павлодар облысында тіркелген науқастар саны жүзден асады.

Қазақстан билігі коронавирус науқастарын екі бөлек санайды. Бірі – вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар (КВИ+), бірі – ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония науқастары (КВИ-). КВИ+ деректері келесі күні, КВИ- деректері екі күннен кейін жарияланып келеді.

Яғни, тіркелгені бүгін жарияланған 930 науқастың 869-ы кеше анықталған және олардың бәрінде ПТР тест оң нәтиже берген. Ал коронавирус пневмониясына шалдыққан 61 науқас 16 ақпан күні тіркелген.

КВИ+ науқастары арасында аймақ бойынша жағдай мынадай:

Нұр-Сұлтан қаласында – 24088 (+105 жаңа тіркелген науқас),
Алматы қаласында – 23941 (+105),
Шығыс Қазақстан облысында – 21392 (+71),
Атырау облысында – 16809 (+35),
Павлодар облысында – 16625 (+114),
Қарағанды облысында – 14903 (+65),
Ақмола облысында – 12860 (+72),
Батыс Қазақстан облысында – 12329 (+84),
Солтүстік Қазақстан облысында – 11954 (+32),
Қостанай облысында – 11645 (+69),
Алматы облысында – 10277 (+61),
Шымкент қаласында – 6030 (+8),
Жамбыл облысында – 5793 (+11),
Түркістан облысында – 4231 (+8),
Маңғыстау облысында – 4174 (+4),
Ақтөбе облысында – 4131 (+19),
Қызылорда облысында – 3742 (+6).

Қазақстанға індет келгелі барлығы 204 924 науқастың ПТР тесті оң шыққан. Ресми статистика бойынша, оның 2674-і коронавирустан қайтыс болған саналады. Бірақ бұдан бөлек, Covid инфекциясын жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге себептен қайтыс болды" деген жүздеген адам бар.

Вирус жұқтырғаны расталған бұл науқастардың 188 606-сы жазылып шыққан. Қазір 13 644-і емделіп жатыр.

Қазақстан үкіметі есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келе жатқан коронавирус пневмониясымен барлығы 48 827 адам тіркелген. Оның 29 873-і жазылған, 604-і қайтыс болған. 8350 науқас емделіп жатыр.

Коронавирустан емделіп жатқан 21 944 науқастың 4900-ы стационарлық, 17094-і амбулаториялық бақылауда.

09:41 17.2.2021

Қазақстанда коронавирустан тағы 14 адам қайтыс болды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

17 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан тағы 14 адам қайтыс болғанын хабарлады. Оның екеуіне ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус індеті келгелі вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар арасында қайтыс болғандардың саны 2664-ке жетіп отыр. Билік бұл статистикаға Covid инфекциясын жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамды кіргізбеген. Елде барлығы 204 055 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Ал 16 ақпан күні коронавирус инфекциясымен 796 науқас тіркелген.

Қазақстан үкіметі ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмонияның есебін 1 тамыздан жүргізе бастаған. Содан бері бұл аурумен 48 766 адам тіркеліп, оның 604-ы қайтыс болған.

Үкімет коронавирус пневмониясының есебін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дабыл қағуынан кейін ғана жүргізді. Былтыр денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2 тамызына дейін елде. 256 мың адамның пневмонияға шалдыққанын, оның алдыңғы жылғыдан 3,3 есе көп көрсеткіш екенін айтқан.

21:19 16.2.2021

Коронавирустың тағы бір мутациясы шықты. Жаңа штамм Ұлыбритания, АҚШ секілді бірнеше елден анықталған

Коронавирустың B1525 деп аталған жаңа түрі Ұлыбритания мен АҚШ секілді бірнеше елден анықталып отыр. Бұл туралы Эдинбург университетінің зерттеушілеріне сілтей отырып, Guardian басылымы хабарлады. Жаңа штамм алғаш рет желтоқсан айында Ұлыбритания мен Нигерияда тіркелген.

Ғалымдардың сөзінше, коронавирустың жаңа түрі желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда тарай бастаған B117 штамына ұқсас, бірақ оның антиденелерге төзімділігі жоғары. Вирустың жаңа нұсқасымен Ұлыбританияда кемі 32 адам, Данияда – 35, Нигерияда – 12 адам тіркелген. АҚШ, Франция, Гана, Австралия, Канада, Иордания және Испания елдерінде бірнеше адамнан анықталған.

Коронавирустың мутациялары былтырғы күзден бастап үлкен мәселеге айналып отыр. Ғалымдар сол кезде Ұлыбританияда SARS-CoV-2 вирусының жұқпалығы жоғарырақ нұсқасы анықталғанын хабарлаған.

Содан кейін ОАР-да тағы бір штамм пайда болды. Сынақ AstraZeneca және Pfizer вакциналарының жаңа штамға қарсы тиімділігі төмен екенін көрсеткен. Осыдан соң ОАР AstraZeneca вакцинасын өндіретін үндістандық компанияға жүгініп, 1 миллион дозаны қайтарып алуды сұраған деп жазды Economic Times басылымы шенеуніктерге сілтей отырып.

Күнделік тіркелетін Covid науқастарының саны бесінші апта қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Жыл басында аптасына бес миллион адам тіркеліп жатса, қазір бұл көрсеткіш екі миллионға дейін төмендеген.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індет басталғалы әлемде 109 миллионнан астам адам коронавируспен тіркелген. Оның 2,4 миллионнан астамы көз жұмған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG