Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

23:44 14.3.2020

Тоқаев: Арандатушылар жазаланады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде "Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдап жатыр. Жағдай толық бақылауда” деп мәлімдеп, “арандатушылар болса жазаланады" деді.

00:54 15.3.2020

Испания бүкіл елде карантин жарияламақ

Париждегі Эйфель мұнарасының маңында жүрген туристер. 10 наурыз 2020 жыл.
Париждегі Эйфель мұнарасының маңында жүрген туристер. 10 наурыз 2020 жыл.

Испания 16 наурыздан бастап бүкіл елді карантинге жаппақ. Бұл елде вирус жұққан адам саны алты мыңнан асып кетті. 191 адам қайтыс болды. Бұған дейін Италия сәуірдің басынан дейін елде карантин жариялаған. Италияда, 14 наурыздағы дерек бойынша, 21 мың адам дертке шалдығып, 1441 адам қаза тапты.​

Франция билігі 14 наурыз түнгі 11-ден бастап елде кафе, мейрамхана, кинотеатрлар, түнгі клубтар жабылатынын мәлімдеді. Үкімет жұртты ел ішіндегі сапарларын доғаруға шақырды. Францияда сенбі күні вирус жұқтырғандар 3661-ден 4499-ға жетті. 79 адам көз жұмды.

АҚШ Ұлыбритания, Ирландия және Еуропа одағы азаматтарын елге кіргізуге тыйым салды.

01:33 15.3.2020

Кореядағы қазіргі жағдай қалай? Сеулдегі қазақстандық студентпен сұхбат

Оңтүстік Корея - Қытайда тараған коронавирустан қатты зардап шеккен елдің бірі. Бұл елде 8 мыңнан астам адам зардап шегіп, 71 адам көз жұмды. Сеулде оқитын қазақстандық студент Азаттыққа осы елдегі қазіргі жағдай жайлы айтып берді.

Кореядағы қазіргі жағдай қалай? Қазақстандық студенттің айтқаны
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

10:24 15.3.2020

Ақ үй дәрігері: Трамптан коронавирус табылмады

АҚШ президенті Дональд Трамптан коронавирус табылмады деп хабарлады Ақ үй дәрігері.

"Кешке жақын коронавирустың расталмағаны туралы дерек алдым" деді дәрігер Шин Конли 14 наурыз күнгі брифинг кезінде.

"Бір апта бұрын Мар-а-Лагода бразилиялық делегациямен ас ішкен президентке вирус жұқпаған" деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

Бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатында Трамппен кездесіп, ас ішкен бразилиялық президент делегациясының құрамындағы үш адамнан коронавирус анықталған еді. Бразилияның Вашингтондағы елшілігінің хабарлауынша, қабылдау кезінде Трамппен бірге үстел басында отырған уәкіл және президент көмекшісінен вирус табылған. Ал Бразилия президенті Жаир Болсонарудан коронавирус табылмаған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG