Accessibility links

Әкім сайлауы - 2021

25 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округі әкімдерін сайлайды. Биліктің дерегінше, бұл күні 730 әкім сайланбақ. Ақорда бұл сайлауда "саяси реформаның" кезекті қадамы деп атаса, сыншылар қолында билік пен қаражат жоқ ауыл әкімін сайлау авторитарлық саяси жүйені өзгертпейді дейді.

Түркістан облысында ыстық күнде дауыс беріп жатыр

Азаттық тілшісі хабар таратып жатқан Бәйдібек ауданында ауа температурасы 41 градус шамасында. Алдында сайлау күні температура 43 градус болады деп болжанған.

Азаттық тілшісі болған бір учаскеде 15 минутта бір ғана сайлаушы келген, басқа бір учаскеде мүлдем дауыс беруші болмаған. Сайлаушылар белсенділігіне ауа райы да әсер етіп жатқандай.

Сайлау учаскелеріндегі санитарлық талап

Өңірлерден ақпар таратып жатқан Азаттық тілшілері сайлау учаскелерінде санитарлық талаптың қатаң сақталып отырғанын хабарлайды.

Мәселен, Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы учаскелерді аралап жүрген Азаттық тілшісі Дилара Иса сайлаушыларды алдымен мейіргер күтіп алып, дене қызуын өлшейтінін, маскасы жоқтарға маска беретінін, учаскеге кірерде қолын антисептикпен тазалататынын айтады. Сондай-ақ, сайлаушылардан арақашықтық ұстануды талап етіп, бюллетеньге белгі қойған соң қаламды жәшікке тастатып жатыр дейді тілші.

Осыған ұқсас тексеру амалдарының барын Азаттықтың Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Жаңагүл Жүрсін де растап отыр. Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылына барған журналист Нұргүл Тапаева да дауыс берушілерді учаскеге санитарлық талапты сақтай отырып кіргізіп жатқанын айтады.

Дегенмен, санитарлық талап барлық ауылда бірдей сақталып отырған жоқ. Нұр-Сұлтан түбіндегі Нұресіл ауылында жүрген Азаттық тілшісі Сәния Тойкен сайлаушылардың медициналық тексеруден өтіп жатпағанын хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы учаскеге келген бақылаушылардан теріс нәтижелі ПТР анықтамасын талап етеді. Ал хабар таратуға келген журналистерден ПТР анықтамасымен бірге редакция тапсырмасын да сұрайды. Сайлау қарсаңында ОСК редтапсырмада учаске нөмірі көрсетілуі керек деп мәлімдеген. Осыған дейін редтапсырмада журналистің сайлаудан ақпарат беруге баратыны ғана жазылатын.

Қарағанды облысындағы белсенді дауыс беру

Бұқар жырау ауданында жүрген Азаттық тілшісі Елена Вебер №513 сайлау учаскесінде адамдарды белсенді түрде дауыс беріп жатқанын хабарлады. Барлығы 1491 сайлаушысы бар учаскеде тұрғындар ауыл өмірінің жақсаратынына үміттенеді. Таңғы сағат 10-ға дейін Қарағанды облысында сайлаушылардың 9 пайызы дауыс берген.

Тікелей эфир

Азаттық Ақмол облысы Целиноград ауылы Оразақ ауылынан тікелей эфирге шықты. Бірнеше күн бұрын осы ауылдың тұрғыны, өз-өзін ұсынған кандидат Абылайхан Бижановтың тіркеуден алынғаны хабарланған. Бүгін, сайлау күні кей тұрғындар дауыс бере алмағанын айтады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG