Accessibility links

Әкім сайлауы - 2021

25 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округі әкімдерін сайлайды. Биліктің дерегінше, бұл күні 730 әкім сайланбақ. Ақорда бұл сайлауда "саяси реформаның" кезекті қадамы деп атаса, сыншылар қолында билік пен қаражат жоқ ауыл әкімін сайлау авторитарлық саяси жүйені өзгертпейді дейді.

Түркістан облысындағы сайлау учаскесіне 7 бақылаушы келген, орын бес адамға дайындалған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Көктерек ауыл округіне қарасты Бірлік ауылындағы сайлау учаскесі.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Көктерек ауыл округіне қарасты Бірлік ауылындағы сайлау учаскесі.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Көктерек ауылдық округіндегі №​179 сайлау учаскесіне бақылаушы ретінде 7 адам келген. Ал жергілікті сайлау комиссиясы 5 бақылаушыға орын әзірлеген.

Сайлау қарсаңында Азаттық тілшісі Дилара Иса осы ауыл округіне барып, науқанның қалай жүріп жатқанын баяндаған. Репортажды оқи отырыңыздар.

Алматы облысында сайлауком төрайымы журналисті учаскеге жібермей қоймақ болды

Оқиға Іле ауданы Чапаев ауылындағы №415 сайлау учаскесінде болған. Учаскедегі сайлау комиссиясының төрайымы Жадыра Оқасова Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлының редтапсырмасын "мұқият" тексеріп, құжатта "нақты негіз жоқ" деді де, тілшінің учаскеден шығуын талап етті.

Алайда Оқасова осыдан кейін телефон арқылы біреумен сөйлесіп, журналиске учаскеден хабар таратуға рұқсат берді.

Сайлауком төрайымы Жадыра Оқасова журналист редтапсырмасын тексеріп жатыр.
Сайлауком төрайымы Жадыра Оқасова журналист редтапсырмасын тексеріп жатыр.

Чапаев ауылында үш сайлау учаскесі бар. Әкімдікке төрт адам таласып жатыр.

Азаттық тілшісі барған №415 сайлау учаскесінде 2100 сайлаушы бар. Учаске ашылғалы алғашқы екі сағаттың ішінде дауыс беруге бар болғаны 10 адам келген.

Қарағанды облысындағы ауылда сайлаушылар кандидаттардың бәрін бірдей танымайды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы екі сайлау учаскесінде Азаттық тілшісі Елена Вебердің дене қызуын өлшеп, қызметтік куәлігін көрсетуді сұраған. Бірақ кедергі жасалмаған. Бұл туралы журналистің өзі хабарлады.

Ғабиден Мұстафин ауылындағы №514 сайлау учаскесі. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы.
Ғабиден Мұстафин ауылындағы №514 сайлау учаскесі. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы.

"Журналиске сайлау комиссиясы мүшелерінен гөрі кандидаттардың сенімді өкілдері мен бақылаушылар көбірек қызығушылық танытты" дейді Азаттық тілшісі. "Жергілікті тұрғындар кандидаттардың бәрін бірдей танымайды. Ғабиден Мұстафин ауылындағы №513 сайлау учаскесінде сайлаушылар көп келіп жатыр. [Азаттық тілшісі] барып үлгерген сайлау учаскелерінде журналистің келгеніне тұрғындар да, комиссия мүшелері де таңданыс білдіріп жатыр".

Елена Швецова: Сайлау учаскесінде "Нұр Отан" партиясының үгіт-насихаты байқалды

Ақмола облысы Аршалы ауданы Ақбұлақ ауылындағы сайлау учаскесінде "Нұр Отан" партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті мен партия ақпараты ілінген. Бұл туралы сайлауға бақылаушы жіберіп отырған "Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Швецова хабарлады.

Швецова Назарбаевтың суреті мен партия ақпаратын "Нұр Отанның" үгіт-насихатына балап отыр.

Сайлау учаскесінен түсірілген видеода қоғамдық қордың тағы бір бақылаушысы Дана Буралкиеваның да сөзі бар. Ол өзін бақылаушы ретінде таныстырған әйелдің сайлау учаскесі орналасқан мектептің қызметкері болып шыққанын айтады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG