Accessibility links

Дауыс беруге келген сайлаушы. Алматы, 20 қараша 2022 жыл.
Дауыс беруге келген сайлаушы. Алматы, 20 қараша 2022 жыл.

Кезектен тыс президент сайлаудың толық хроникасы

Кезектен тыс сайлауға алты кандидат - қазір билікте отырған 69 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев пен көпшілік онша танымайтын бес адам түсіп отыр. Кей сарапшылар мен халықаралық талдаушылар Ақорданың берген уәдесіне қарамастан, сайлау шынайы саяси бәсекесіз өтіп жатыр деп есептейді.

08:05 20.11.2022
Қонаев қаласындағы 952-сайлау учаскесіне дауыс беруге келген адамдар. Алматы облысы, 20 қараша 2022 жыл.
Қонаев қаласындағы 952-сайлау учаскесіне дауыс беруге келген адамдар. Алматы облысы, 20 қараша 2022 жыл.

20 қарашада кезектен тыс президент сайлау күні жиынтығы 10 101 сайлау учаскесі ашылды, оның 68-і 53 шет мемлекет аумағындағы жерлерде орналасқан. Бұл туралы жексенбі күні Орталық сайлау комиссиясының алғашқы брифингіде комиссиясы мүшесі Константин Петров хабарлады.

ОСК мәліметі бойынша, Астана уақытымен таңертеңгі сағат 7-де елдің шығыс және орталық аймақтарында 8150 сайлау учаскесінде және 11 шет мемлекеттегі 12 сайлау учаскесінде сайлауға дауыс беру басталған.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, мен Маңғыстау облыстарында, уақыт айырмашылығына байланысты, дауыс беру бір сағат кеш басталады.

Алматы, Астана мен Шымкенттегі 86 сайлау учаскесі жексенбіде таңертеңгі сағат 6-да жұмысын бастап кеткен. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат кешкі сегізге дейін жалғасады. Қазақстанда 12 миллионға жуық азамат дауыс беру құқына ие.

08:07 20.11.2022

Алматыдағы 176-сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының үш мүшесі қандай ұйымнан келдіңіздер деген сұраққа: "Жоғары тұрған комиссиядан" деп жауап берді. Оның ұйым емесін, тізімде ұйым атын қайталамау үшін жазылатын сөз екенін айтқан сөзге сенген жоқ.

08:08 20.11.2022
Шымкент қаласындағы 35-сайлау комиссиясы төрайымы Бақытгүл Искакова Азаттық тілшісінің құжаттарын тексеріп, "басшылыққа хабарласып көремін" деп, әлдебір адамдарға телефон шалды. Комиссия мүшесі Азаттық тілшісін суретке түсіріп, құжаттарын тіркеп, көшірмелерін алып қалды. Сол жерде отырған байқаушылар да Азаттықтан тілші келгенін телефонмен хабарлап жатты. 20 қараша 2022 жыл.

08:15 20.11.2022
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Астана қаласындағы 135-сайлау учаскесінде дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Астана қаласындағы 135-сайлау учаскесінде дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG