Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

18:19 5.1.2022

Тоқаев күштік құрылымдар арасында қаза тапқандар барын айтып, елден кетпейтінін де мәлімдеді

Елде билікке қарсы наразылық күшейіп жатқан тұста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік телеарналар арқылы тағы да мәлімдеме жасап, астанадан кетпейтінін айтты.

Ол Қауіпсіздік кеңесі төрағалығын қолына алатынын да мәлімдеді. Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесін елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген еді.

Тоқаев "Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде енді қатаң шараларға көшетінін" жеткізді.

"Жақын уақытта Қазақстанның саяси трансформация бойынша ұсыныстарымды жариялаймын" деді ол.

Тоқаев мәлімдемесінде күштік құрылымдар мен әскерилерге алғыс айтып, олардың арасында қаза болғандар барын мәлімдеді. Қазақстан президенті қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

"Біздің сүйікті қаламызда құқық қорғау қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасалып жатыр. Олардың арасында қаза болғандар мен жараланғандар бар. Бандиттік топтар әскерилерді қорлап, жалаңаш жүргізген. Әйелдерге тиісіп, дүкендерді тонаған. Алматыдағы жағдай халықтың өміріне қауіп төндіреді. Шыдауға болмайды. Басқа да облыс орталықтарында жағдай ушықты. Сондықтан бірнеше аймақта төтенше жағдай енгізілді. Бұл - қажетті шара" деді Тоқаев.

Қазақстан басшысы наразылық кезінде нақты қанша адам қаза болғанын ашып айтпады. Тоқаев өз сөзінде наразылар арнайы топтардан ақша алған дегенді де меңзеді.

18:45 5.1.2022

Талдықорғанда наразы жұрт Назарбаевтың ескерткішін құлатты

Интернетте тараған видеолар мен фотолардан Талдықорғанда наразы жұрт елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқанын байқауға болады.

20:33 5.1.2022

Алматыда белгісіз адамдар тобы әуежайды басып алғаны хабарланды

Алматыда 5 қаңтар кешкісін белгісіз адамдар тобы қала әуежайын басып алды. Бұл ақпаратты әуежайдың баспасөз қызметі Orda.kz сайтына хабарлады.

"Қазіргі дерек бойынша, әуежайда 45 адам бар. Олар кірісімен әуежай қызметкерлері шығып үлгерді. Әуежайға басып кіргенде терминалда жолаушылар болмады. Жолаушыларды алдын ала, 11 есік арқылы шығарып үлгердік. Әскерилер де әуежайдан кетіп қалды, олардың қайда кеткенін білмейміз. Әуежай қызметкерлері жолаушыларды өз күшімен эвакуациялады" деп мәлімдеді аэропорттың баспасөз қызметі.

"Аэрофлот" Мәскеуден Алматыға рейсін ұшырмады.

22:33 5.1.2022

Қазақстанда толық төтенше жағдай енгізілді

5 қаңтар кешке таман Қазақстан билігі елде толық төтенше жағдай енгізді. Бұған дейін Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан қаласында ғана төтенше жағдай енгізілген еді. Бұл режим 19 қаңтарға дейін жалғасады деп жоспарланған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG