Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

18:47 6.1.2022

Халықаралық агенттіктер және ВВС-дің Алматыдағы тілшісі қаланың орталығында, яғни Республика алаңында атыс болып жатқанын хабарлады. Кейінгі уақытта Алматының әр жерінде атыс дауысы естіліп жатқаны айтылады.

18:50 6.1.2022

Алматының Республика алаңында қолында қаруы жоқ адамдарға оқ ата бастады. Алаңда бұған дейін түрлі наразылық шараларына шығып жүрген белсенділер тұрған.

18:55 6.1.2022

Қазақстанда банкоматтар мен дүкендер алдында кезек көбейгені айтылып жатыр. Интернетте тараған фотоларда Нұр-Сұлтан қаласында банкоматтан ақша шешуге келген жұрт кезекте тұрғаны байқалады. Оrda.kz сайты Алматыда қираған сауда үйлерінің фотосын жариялады.

19:07 6.1.2022

Алматыда алаңда тұрған адамдарға пулеметтен оқ ата бастады. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Алматының Республика алаңында қолында қаруы жоқ адамдарға оқ ата бастады. Алаңда бұған дейін түрлі наразылық шараларына шығып жүрген белсенділер тұрған.

Журналист Әнуар Данияровтың сөзінше, Алматы уақытымен сағат 18:43-тен бастап Назарбаев даңғылы жақтан Республика алаңына әскери брондалған машиналар келіп, пулеметтен оқ атқан. Оқ атылып жатқанын белсенділер Марат Тұрымбетов пен Әйгерім Төлеужан да растады. Олар оқ атылған сәтте алаңда болған. Әнуар Данияровтың айтуынша, бір адам қаза тапты. Өкпесіне оқ тиген жігітті Данияровтың қасындағы азамат ауруханаға алып бара жатқанда қайтыс болған. Қаза тапқан - 18-20 жастағы жас жігіт.

Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашы топ өкілі Әйгерім Төлеужанованың айтуынша, алаңға келгендердің дені қарусыз жастар.

Алаңда тұрған наразы топ арнайы дағдарыс штабын құрып, билікке ҰҚШҰ әскері кіргізілмесін, билік толық отставкаға кетсін, азаматтық қоғам өкілі лидері болатын уақытша үкімет құрылсын, халықты арандатушылардан қорғау үшін дружина жасақтары құрылсын деген талаптар қойған.

Сол маңда тұратын адамдардың айтуынша, қазір алаңда шулы гранатаның, оқтың дауысы естіліп тұр. Марат Тұрымбетовтың сөзінше, бес адам жараланған, оларды адамдар өздері ауруханаға тасып жатыр. Жедел жәрдем көліктері байқалмайды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG