Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

21:45 6.1.2022

Шымкент пен Қызылордада да қаза тапқандар бар

Қазақстандық сайттар Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап, қалада қаза болған адамдар барын хабарлады. Мерт болғандардың нақты саны белгісіз. Марқұмдардың арасында тұрғындар да, полициялар да бар.

"Хабар" арнасы Қызылордадағы тәртіпсіздік кезінде кемі 14 адам қаза тапқанын хабарлады.

21:52 6.1.2022

АҚШ Қазақстанды мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды

АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Тони Блинкен Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстан билігін елдегі жағдайды "адам құқығын сақтай отырып, бейбіт жолмен шешуге шақырған".

21:57 6.1.2022

Құрсаудағы Қазақстан. Азаттықтың арнайы шығарылымы

Қазақстанда екі күннен бері интернет бұғатталды. Жұрт әлеуметтік желілерге қосыла алмай отыр.Тәуелсіз ақпарат құралдары қол жетімсіз. Ресми органдар Алматыда демонстранттар мен күштік құрылымдар арасында атыс болып жатқанын, адам шығыны көбін айтады.

Құрсаудағы Қазақстан
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:11:21 0:00

22:06 6.1.2022

Наразылық басталғалы мыңнан аса адам зардап шеккен

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде наразылық басталғаны мыңнан аса адам жараланғанын, 400 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Қазір 62 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

ІІМ органдардың 18 қызметкері қайтыс болғанын хабарлаған. Алматы қаласы полициясы арнайы операция кезінде полиция департамент ғимаратына шабуыл жасаған ондаған адам оққа ұшқанын мәлімдеді. Шымкент пен Қызылорда қаласында да адам шығыны бар.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG