Accessibility links

Тәуелсіздік күнгі алаң
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

Тәуелсіздік күнгі Алматы. 16 желтоқсан 2012

16 желтоқсанда өткен шаралар


10:23 16.12.2012
ҚазАқпарат агеттігінің хабарлауы бойынша, Алматылықтар елдің Ұлы мерекесін Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қоюдан бастаған.
Агенттік "Бүгін Алматыда мемлекеттік атқару органдары, қоғамдық, саяси және жастар ұйымдарының өкілдері ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеуді жаңа алаңдағы Тәуелсіздік монументінен бастады. Олар азаттық жолында құрбан болған боздақтардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды" деп хабарлайды.

Гүл қою шарасында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, академик Еренғауып Шайхутдинов: "Әрдайым тыныштық, береке, ынтымақ-бірлік болсын, еліміздің шетінде жау, ішінде дау болмасын" деген.
Ал қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың айтуынша, "Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында барлық мекемелерде түрлі шаралар өтті. Енді мұндай мерекелік бағдарламалар бүгін театрлар мен концерттік алаңдарда өз жалғасын табады. Сондай-ақ 2011 жылы Жаңаөзен қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты ас беріледі".

Тағы

XS
SM
MD
LG