Accessibility links

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

10:59 26.4.2015

Армениядағы Қазақстан өкілдігінде 70 шақты сайлаушы дауыс беруі тиіс. Әзірге мұнда келіп, дауыс берген Қазақстан азаматтарының саны - 5.

10:57 26.4.2015

Армения астанасы Еревандағы Қазақстан елшілігінде президент сайлауына дауыс беру таңғы сағат жетіде басталды.

10:40 26.4.2015

Қарағанды облысындағы су басқан Чкалова ауылында 300 адам тұрады, алайда сайлау тізімінде 143 адам ғана көрсетілген.

10:38 26.4.2015

Қарағанды облысындағы су басқан Чкалова ауылында тұратын 80 жастағы Анастасия Жукевич билік су тасқынынан келген шығынды өтеп берсе екен деп уайымдайды.

Тағы

XS
SM
MD
LG