Accessibility links

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

11:33 26.4.2015

Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы №-116 сайлау учаскесінде бақылаушылардың орындары бос тұр. Қызылорда облысы, 26 сәуір 2015 жыл.

11:28 26.4.2015

Сайлау учаскесі орналасқан Алматыдағы №68 мектеп-гимназиясы жанында нан өнімдерін сатып отырған әйел.

11:22 26.4.2015

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы 395-сайлау учаскесінде билік тарапынан ғана бақылаушылар отыр.

11:14 26.4.2015

Алматы көшелеріндегі кейбір жұмысшылар сайлауға баруға қолдары тимейтінін айтты

Тағы

XS
SM
MD
LG