Accessibility links

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

11:56 26.4.2015

11:55 26.4.2015

Қарағанды облысындағы су басқан Чкалов ауылы тұрғындарына билік "тасқыннан келген шығында сайлаудан кейін есептейміз" деген уәде берген.

11:53 26.4.2015

Қарағанды облысындағы су басқан Чкалов ауылында бес сағат ішінде сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беріп үлгерді.

11:52 26.4.2015

Қарағанды облысындағы су басқан Чкалов ауылы тұрғындарын президент сайлауынан гөрі тасқын зардабын өтеу мәселелері көбірек толғандырады.

Тағы

XS
SM
MD
LG