Accessibility links

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

12:52 26.4.2015

12:51 26.4.2015

Астанадағы 17, 18 сайлау учаскелері орналасқан №5 мектеп-гимназияда балалар концерті өтіп жатыр.

12:46 26.4.2015

Қарағанды облысындағы су басқан Чкалово ауылында сайлаушылардың 90 пайызы дауыс берді. Тұрғындар жергілікті билік өкілдері сайлауға қатысуды сұрағандарын айтты.

12:44 26.4.2015

Армения астанасы Еревандағы 225-сайлау учаскесінде Қазақстан президенті сайлауын бақылап отырған халықаралық бақылаушы Ирина Карапетян "әзірге тып-тыныш, мен екі адамның дауыс бергенін көрдім" дейді. Бұл елдегі Қазақстан елшілігінде қазірге дейін алты адам дауыс берген.

Тағы

XS
SM
MD
LG