Accessibility links

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

14:42 26.4.2015

14:40 26.4.2015

Теміртаудағы № 15 мектеп ғимаратында өтіп жатқан сайлауды бақылаушылардың айтуынша, дауыс беруге келген адам қарасы мол, көбінше жастар белсенділігі байқалған.

14:37 26.4.2015

Теміртаудағы №15 мектеп ғимаратында өтіп жатқан сайлауды бақылаушылар заң бұзу оқиғалары болмағанын айтады.

14:15 26.4.2015

Астанадағы 89-сайлау учаскесінде дауыс беру үшін сайлаушыларға кезек күтуге тура келді. 26 сәуір 2015 жыл.

Тағы

XS
SM
MD
LG