Accessibility links

«Бесобаның» орнына жаңа үйлер салынып жатыр


Бұрнғы «Бесоба» ықшам ауданындағы қираған үйдің орнында жаңадан тұрғын үй салынып жатыр. Қарағанды, 20 маусым 2012 жыл.
Бұрнғы «Бесоба» ықшам ауданындағы қираған үйдің орнында жаңадан тұрғын үй салынып жатыр. Қарағанды, 20 маусым 2012 жыл.

Қарағанды қаласындағы апатты деп танылып, бұзылған «Бесоба» жаңа ықшам ауданының орнында тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Құрылысшылар «бұл жолы мықты үй саламыз» деген уәде берді.

Осыдан бір жыл бұрын ғана «Бесоба» элиталық тұрғын үй кешені тұрған шағын аудан бүгін адам танығысыз, үйіндіге ұқсайды. Үйлердің көбі бұзылып, кейбірін әлі қиратып жатыр. Құрылыс маңынан ары-бері жүгірген жұмысшылардың айғай-шуы мен техниканың гүрілі естіледі. Құлаған сынықтардың арасында жүру де қауіпті.

«БЕСОБАНЫҢ» ОРНЫНА «ШАПАҒАТ»

Біреулері үй қалап, біреулері енді шұңқыр қаза бастаған жұмысшылар үйіндінің жанынан жаңа үйлер тұрғызып жатыр. Бұрынғы бес қабатты үйлердің орнына 10 және 12 қабатты үйлер салу жоспарланған. Құрылысшылар «әзірше белгіленген мерзімнен кешікпей, үлгеріп жатырмыз» дейді. Шағын ауданды қалпына келтіруге мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінген, жеке меншік компаниялар да үлес қосқан.

– Монолит үй болады, барлық жерін мықтап бекітеміз. Ең бастысы үйдің іргетасын берік етіп құю ғой, оның қалыңдығы – 1,5 метр. Әр шаршы метр сайын
«О.Т.А.Н.» фирмасының учаске шебері Арман Асанов. Қарағанды, 20 маусым 2013 жыл.
«О.Т.А.Н.» фирмасының учаске шебері Арман Асанов. Қарағанды, 20 маусым 2013 жыл.
11 метрлік бағана қойып жатырмыз. Бұрынғы «Бесоба» үйлерін жабын-плиталардан тұрғызып, таспалы іргетасын саздың үстіне қоя салыпты. Ал ол қатты жерде жатуы тиіс. Бірде-бір діңгек қағылмағандықтан көктемде жер ери бастағанда, үй құлап түсті. Үйлердің қисайып кеткені сырт көзге де байқалатын. Әлгі үйлерді бұзғанда кем-кетіктері анық көрінді. Мына салынып жатқан үйлер, тіпті жер сілкінісіне де төтеп беретіндей мықты болады. Бірақ, құдайға шүкір, Қарағандыда жер сілкінбейді ғой әйтеуір, – дейді бас мердігер «О.Т.А.Н.» фирмасының учаске шебері Арман Асанов Азаттық тілшісіне.

2012 жылы сәуірдің 6-сында «Бесоба» кешенінің көп қабатты 7-тұрғын үйінің төрт подъезі жермен жексен болды. Көп қабатты жаңа үйдің құлап бара жатқан сәті түсірілген әуесқой видеожазба әлеуметтік желілерде лезде тарап кеткен еді.


Жаңа үйдің пайдалануға 2009 жылы берілгенін Азаттық оқырмандары біздің репортаждарымыздан біледі. Құлардан сәл бұрын ол үй апатты деп танылып, 138 тұрғын басқа жерге көшірілді. Бірақ үйінді астында тұрғындардың дүние-мүлкі қалды. Ақыры биліктің элиталық жаңа шағын ауданды тұтас бұзуына тура келді.

«Бесоба» ісі бойынша 326 адам жәбірленуші ретінде танылып, прокуратура «тұрғындарға жалпы сомасы 3 миллиардтан асатын теңгенің зияны келтірілген» деп бағалады. Тұрғындар жұрт «Қарағандының қияны» деп атайтын Майқұдық шағын ауданына уақытша орналастырылды. Бірақ бұзылған үйлердің тұрғындары биліктің жайсыз баспана бергеніне наразы. Қарағанды билігі бұрынғы үйлердің орнына жаңа үй саламыз деп уәде берді. «Бесобаның» орнына жаңа тұрғын үй кешені салына бастады.

Қазір бұл фирма 12 қабатты үйдің бесінші блок-секциясын салып жатыр. Оның үш қабаты тұрғызылып қойыпты. Алтыншы және жетінші блок-секциялардың құрылысын бас мердігер – «Оливия» фирмасы жүргізеді.

Салынып жатқан пәтерлердің көлемі бұрынғы пәтерлермен сәйкес келмейтіні белгілі болды. Төбесі де бұрынғы пәтерлерге қарағанда аласалау болмақ. Баспана көлемі әр түрлі: 130, 104 және 87 шаршы метр. Мұнда негізінен екі және үш бөлмелі пәтерлер болады.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУПІ

Азаттық тілшісі бұрынғы «Бесоба» тұрғын үй кешенінің бірнеше тұрғынымен сөйлесті. Олардың көбін «Пәтерлерді мерзімінде тапсырып үлгере ме?», «Толық бітіріп бере ме, әлде жарым-жартылай күйінде өткізе ме?», «Зардап шеккен тұрғындарға пәтерлерді қалай бөледі?» деген сұрақтар мазалайды.

– Үйді жыл аяғына дейін өткізулері екіталай. Жарты-ақ жыл қалды ғой, ал әзір тұрғызылғаны үш қабат қана. Үлгермесе, бізге қиын болайын деп тұр. Үйді
Қираған «Бесоба» тұрғын үй кешенінің орнындағы жаңа құрылыс алаңына кіре берістегі жазу. Қарағанды, 20 маусым 2012 жыл.
Қираған «Бесоба» тұрғын үй кешенінің орнындағы жаңа құрылыс алаңына кіре берістегі жазу. Қарағанды, 20 маусым 2012 жыл.
уақытында бітіре алмаса, Майқұдықта уақытша тұру туралы келісім-шарттың мерзімі бітсе, біз қайтеміз? Оның үстіне, олар алдымен 90 пәтерді бітіреміз дегенді айтады. Ал зардап шеккендер одан да көп. Сонда пәтерлерді қалай бөлмек? Кезек бойынша ма? Ал қалғанымыз қайда тұрамыз? – дейді бұзылған «Бесобаның» тұрғындарының бірі Лидия Коптева.

Тұрғындар құрылыс барысын шенеуніктермен бірге бақылауға тілек білдірді.

– Мына үйлерді сапалы салады деп үміттенеміз. Бірақ әлі де қорқыныш бар. Жердің асты не болып жатыр, ертең көктемде не болады? Бәріне көз жеткізгіміз келеді, – дейді тағы бір тұрғын әйел.

Ал мердігер фирмалар «бұл жолы үйлер сапалы тұрғызылады, болашақ тұрғындарға қорқудың қажеті жоқ» дейді.

БИЛІКТІҢ УӘДЕСІ

Қарағанды қаласы әкімдігінің мамандары Азаттық тілшісіне «Шапағат» тұрғын үй кешенінің құрылысын бас мердігерлер – «О.Т.А.Н» және «Оливия» фирмалары жүргізіп жатқанын хабарлады. Жобалаушы – «Сантехэнергопроект и К» компаниясы.

Билік жаңа үйлердің іргетасы берік болу үшін қадаулар қағылатынын айтады. Мұнда жалпы көлемі 50 мың шаршы метр болатын пәтерлер салынбақ. Бұл үйлерден «Бесоба» тұрғындарынан басқа адамдар да пәтер алады.
Қираған үйдің (оң жақта) орнында жаңадан екі көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Қарағанды, 20 маусым 2012 жыл.
Қираған үйдің (оң жақта) орнында жаңадан екі көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Қарағанды, 20 маусым 2012 жыл.
Пәтерлердің бір бөлігі «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілмек. Енді бір бөлігі нарықтық бағамен сатылады.

Жыл аяғына дейін жаңа ауданда екі үй салынады деп жоспарланған. Бірі – үш блок-секциядан тұратын 12 қабатты үй. Екіншісі – төрт блок-секциядан тұратын 10 қабатты үй.

– Бұрынғы «Бесоба» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына 12 қабатты үйдің 2-9 қабаттарынан пәтер бөлінеді деп ұйғарылды. Ал 10 қабатты үйге келсек, бұл үйде «бесобалықтарды» 1-7 қабаттардағы пәтерлерге қоныстандырады. Барлығы – 242 пәтер. Бұрынғы 20 мың шаршы метрдің орнына енді 50 мың шаршы метр баспана салынады деп жоспарланғандықтан, коммуникация құбырларының диаметрін өзгертіп, кеңейтуге тура келеді. Оның бәрі бюджет есебінен жасалады. Үйлердің аулаларын да абаттандырамыз, – дейді Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік қызметкерлері құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңін қаржыландыруға 3 миллиард теңге қажет екенін айтады. Мемлекет үкіметтің резервтік қорынан 1 миллиард 700 мың теңге бөледі. Қалған қаражатты мердігер фирмалар береді.

Әкімдік мамандары «Құрылысшылар 10 және 12 қабатты үйлердің құрылысын биыл жыл аяғына дейін немесе келесі жылдың басына қарай бітіруі тиіс» дейді.
XS
SM
MD
LG