Accessibility links

Ярославлевті қинағанын көрген тұтқын өзінің тірі қаларына күмәнді


Өзін «Қуаныш Қаниевпін» деп атаған азамат түрмедегі азап туралы айтып отыр. (YouTube-тегі видеодан алынған көрініс).
Өзін «Қуаныш Қаниевпін» деп атаған азамат түрмедегі азап туралы айтып отыр. (YouTube-тегі видеодан алынған көрініс).
Долинка түрмесіндегі тұтқын «жұмбақ жағдайда қаза тапқан» Шамиль Ярославлевтің соққыға жығылғанын көргенін, енді өз өміріне де қауіп төніп тұрғанын айтады.

Қараша айының басында Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясында 1974 жылы туған Шамиль Ярославлев жұмбақ жағдайда қаза тапқан еді. Кейін бас прокуратура оның өз ажалынан өлмегенін, соққыдан көз жұмғанын мәлімдеген.

«ҰРЫҢДАР!»

Желтоқсанның 11-і күні құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің блогында осы түрмеге қазан айында түскен басқа тұтқынның сөзі жарияланды. Бейнетаспада өзін «Қуаныш Қаниевпін» деп атаған азамат түрме қызметкерлерінің Шамиль Ярославлевті қалай соққыға жығып, қинағанын өз көзімен көргенін айтады.

– Медицина қызметкері адам құсап еш жәрдем көрсетпеді. Шамиль
Шамиль Ярославлев - Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясында қайтыс болған тұтқын. 5 қараша 2011 жыл.
Шамиль Ярославлев - Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясында қайтыс болған тұтқын. 5 қараша 2011 жыл.
Ярославлев келген күні және оны ұрғаннан кейін санитарлық бөлім бастығы Кенжегүл Дүйсембекованың өзі келді. Ол түрмедегі басқа қызметкерлерге: «Немене, бұлар бірдеңеге қарсы ма? Онда ұрыңдар! Бірдеңе болса, менің кезегім» – деді. Олар бір-бірімен қалжыңдасып, күлісіп тұрды, – дейді Қуаныш Қаниев.

Вадим Курамшиннің жазуынша, Қуаныш Қаниев сол күні (2011 жылдың 3 қарашасында) мекемеде күндізгі кезекшілік міндет атқарып, мән-жайды көзімен көрген. Бірақ бейнетаспада сөйлеген Қаниевтің өзі мұны айтпайды.

«ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНА ТУРА ҚАРАМАЙМЫЗ»

Қуаныш Қаниев түрме қызметкерлерінің тұтқындарды ұрып-соғып азаптайтынын, масқаралап қорлайтынын да айтады.

– Негізінен дубинкамен ұрады. Электрошокпен қинайды. Тек мені ғана емес, басқа сотталушыларды да сөйтіп қинайды. Біз режим жағдайына қарсы болмасақ та, бізге мал сияқты қарайды. Бұл жазбаны көріп отырған адамдардан көмек сұраймыз. Бізге көмектесіңдерші! – дейді сотталушы.

Түрмедегі тұтқынның айтуынша, колонияда болымсыз нәрсеге бола жазалап, қысым жасайды.

– Егер колония бастығы тексеретін болса, оның көзіне тіке қарай алмаймыз. Бәріміз «спутник» деп аталатын қалыпта, аспанға былай қарап тұрамыз. Кімде-кім колония бастығына қарап қойса, оны ұрып, жазалайды, қысым көрсетеді, – дейді Қуаныш Қаниев.

Ол бейнетаспаның соңында өміріне қауіп төніп тұрғанын, тіпті бұл жазба интернетке шыққанға дейін тірі болатынына да күмәні барын айтып, көмек сұрайды.

Бұл қауіпті Вадим Курамшин де растайды. Оның пікірінше, түрмедегі шынайы жағдайды батыл айтқаны үшін тұтқынның басынан ешкім сипамайды.

«ҚУАНЫШ ҚАНИЕВ – ТІРІ»

Желтоқсанның 12-сі күні Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясына хабарласқан Азаттық тілшісі колония бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Наталья Афанасьевамен сөйлесті.

Орынбасар түрмеде Қуаныш Қаниев есімді тұтқынның бар екенін
Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесі. 21 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесі. 21 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
растады. Оның айтуынша, «Қуаныш Қаниев – тірі, №11 отрядта жазасын өтеп жатыр». Азаттық тілшісі «қарашаның 3-і күні Қаниев күндіз кезекші болды ма?» деп сұраған кезде:

– Білмеймін. Мен – колония бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарымын. Оның қашан, қай жерде болғанын, толық ақпаратты білмеймін. Бір білетінім – оның жағдайы дұрыс, – деп жауап берді Наталья Афанасьева.

Осы түрмеде қаза тапқан Шамиль Ярославлевтің өліміне қатысты қарашаның 18-і күні қылмыстық іс қозғалып, колонияның төрт қызметкері қамауға алынған еді. Бұл істің жай-жапсарын сұраған кезде Наталья Афанасьева «мұндай деректерді сізге бере алмаймын» деді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG