Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

10:25 24.2.2022

Азаттықтың Орыс қызметі Украинада жарылыс болған аймақтарды картаға түсірді:

10:33 24.2.2022

Украинадағы жағдайдың теңге бағамына әсері

Қазақстан қор биржасы (KASE) 24 ақпан таңғы 11:30 уақытында 1 долларды 452 теңгеге бағалады. Ал kurs.kz сайтында 1 АҚШ доллары 459-465 теңгеге сатылып жатыр. Санаулы күн бұрын Қазақстан валютасының долларға шаққандағы құны 428-430 теңге аралығында болатын.

10:49 24.2.2022

Видео: Путиннің әскери операцияны бастау туралы бұйрығы және Украинаның Харьков, Мариополь облыстарындағы жарылыс дауысы

Ресей армиясы Украинаға қарсы шабуыл бастады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

10:57 24.2.2022

Украина шекара қызметі Ресей әскерімен бірге операцияға белорус күштері де қатысып жатқанын хабарлады

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG