Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

09:31 25.2.2022

Киев қаласының мэрі Виталий Кличконың айтуынша, зымыран бөлшектері құлаған тұрғын үйде үш адам зардап шеккен. Біреуінің жағдайы ауыр.

УНИАН агенттігі жараланғандардың көп екенін айтады: 8 адам жарақаттанған, 150 адам эвакуацияланған.

09:34 25.2.2022

Украиналық "Сегодня" басылымы Ровно қаласында екі жарылыс болғанын хабарлады. Журналистердің хабарлауынша, снарядтар коммуналды әуежайдың ұшу-қону жолағына түскен.

09:49 25.2.2022

Алматыда айырбастау пунктерінде бір доллар 466-477 теңге аралығында саудаланып жатыр. 24 ақпанда Ресей Украинада "әскери операция" бастағаннан кейін теңге рубльмен бірге қатты құлдырай бастаған.

09:57 25.2.2022

Ақпаратқа қарағанда, Украинада Сумы, Херсон және Киев маңындағы елді мекендерде жағдай өте күрделі. Бір күннен кейін Ресей іскері Украинаның оңтүстігі мен солтүстігіне қарай көш ілгері жылжыған.

Сума қалалық әкімшілігінің жетекшісі Дмитрий Живицкий Ресей әскерінің Сумадан Киевке қарай жылжып бара жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, Сумы облысынан Киевке қарай жолда Ресей армиясының блокбекеттері пайда болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG