Accessibility links

Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.
Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 28 наурыз - 3 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

2 сәуір – Украинадағы соғыстың 38-күні. Негізгі оқиғалар:

  • Киев облысында Украина әскері Ресей армиясы тастап кеткен елді мекендерді бақылауына алып жатыр.
  • Жұма, 1 сәуірде Ресейдің Белгород қаласы маңындағы мұнай қоймасы атқылауға ұшырады. Ешкім зардап шекпеген. Ресей тарабының айтуынша, қойманы Ресей аумағына кірген украиналық екі тікұшақ атқылаған. Украина қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысы жоғын айтты.
  • Бішкекте милиция Ресей басқыншылығын айыптаған наразыларды ұстады.
  • Украина бас прокуратурасы соғыс басталғалы бері елде 158 бала қаза болғанын, 254 бала жаралғанын айтты.
  • АҚШ әкімшілігі НАТО бойынша одақтастарымен Украинаға совет танкілерін жіберу мәселесін талқылап жатыр.
  • Ресей әскері Чернобыль АЭС аумағынан шығып, Ресейдің Белгород облысына жол тартты. Украина күштері орыс әскері қайта шабуылға дайындалу үшін топтасып жатыр деп санайды.
  • Запорожье облысында тараптар тұтқындармен алмасты.
  • Украина Жоғарғы радасы басқыншылықты қолдаған ресейліктердің мүлкін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейтін заң қабылдады.
  • АҚШ сауда министрлігі Ресей басқыншылығына байланысты Ресей мен Беларусьтің 120 ұйымына экспорттық санкция салады.
  • ЮНЕСКО Украинадағы соғыста әлем мәдениеті үшін маңызды кемінде 53 мәдени нысан бүлінді не қирады деп мәлімдеді.

30 наурыз. Қазірге дейінгі ең маңызды оқиғаларды қысқа шолып шығайық:

  • Белгород облысында жарылыс болды, облыс губернаторы қару-жарақ қоймасында өрт шыққанын айтады.
  • Таңертең Киев шетіндегі елдімекендерде жарылыс дауысы естілді. Гостомель, Буча, Ирпеньде атыс болғаны айтылды.
  • Таңғы 8.30 шамасында Донецк қаласындағы көпқабатты үйге снаряд түсіп, екі адам қаза болғаны хабарланды.
  • Лисичанска, Авдеевка, Марьинка, Красногоровка елдімекендерінде де атыс болғаны хабарланды. Новомихайловка елдімекеніне де әуеден шабуыл жасалғаны айтылады.
  • Херсон облысындағы аудандарда да атыс пен жарылыс жалғасып жатыр.
  • Ресей қоршауында қалған Мариуполь қаласында жағдай өзгерген жоқ. Қала блокадада, атыс жалғасып жатыр. Мариупольде әлі ондаған мың бейбіт тұрғын қалған.
  • 29 наурыз түнге таман Украинаның басым бөлігінде дабыл қағылды. Кеше Ресей Киев және Чернигов облысындағы әскери шабуылын бәсеңдететінін мәлімдесе де, бұл екі облыста да сирена қосылды.
  • Ұлыбритания қорғаныс министрлігі ресейлік әскерилер Ресей мен Беларуське қайта ұйымдасу үшін оралып жатыр деп мәлімдеді. Ведомство әскерилер күші азайғандықтан ракета шабуылы күшеюі мүмкін деп ескертеді.
  • Ирландия, Бельгия, Нидерланд, Чехия елдері ресейлік 40-қа жуық дипломатты "тыңшылық жасады" деп айыптап, елден шығаратынын жариялады.
  • Ұлыбритания Украина қауіпсіздігі бойынша гарант болуға алдын ала келісім берді.

Батыс елдері Мәскеумен қатынаста қырағылықтан айрылмау керек дейді

АҚШ президенті Джо Байден (ортада) НАТО саммитінде. Брюссель, 24 наурыз 2022 жыл.
АҚШ президенті Джо Байден (ортада) НАТО саммитінде. Брюссель, 24 наурыз 2022 жыл.


Мәскеу Украина астанасы Киев пен осы елдің солтүстігіндегі Чернигов қаласы маңында әскери іс-қимылды бәсеңдететінін мәлімдегенімен, Батыс елдері қырағы болғаны жөн. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Италия лидерлері осылай деп мәлімдеген. Бұл туралы британ премьер-министрі Борис Джонсонның кеңсесі хабарлады.

"Украинаға жасалған сұмдық аяқталмайынша Батыс елдері босаңсымауы керек деп келісілді" деп жазылған ақпаратта.

29 наурызда АҚШ президенті Джо Байден Еуропаның төрт елінің жетекшілері – британ премьері Борис Джонсон, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц және Италия премьер-министрі Марио Драгимен телефонмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайға байланысты пікір алмасқан. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

Олар сейсенбі күні Стамбұлда өткен Украина-Ресей келіссөзі барысын талқылап, Батыс елдері Ресей агрессиясын тоқтату үшін тағы қандай шара қолдану керегін кеңескен.

29 наурызда Түркияда Украина өкілдерімен өткізген келіссөзден кейін Мәскеу Киев пен Чернигов маңында әскери белсенділігін азайтатынын мәлімдеген. Алайда Батыс елдері Мәскеудің құрғақ сөзіне иланбайтынын айтады.

"Британ премьері Путин режиміне бағаны сөзіне емес, нақты іс-әрекетіне қарап беру керегін атап айтты. Путин Украинаға қадаған қанжарды бұрап отырып, оны одақтастарымен бірге капитуляцияға мәжбүрлеп көндіргісі келеді" делінген Джонсон кеңсесі таратқан хабарда.

Джо Байден де Ресейдің нақты іс-әрекетінің нәтижесін көрмейінше, құр сөзіне сенбейтінін мәлімдеген. Байден мен Джонсон Батыс елдері Мәскеумен қарым-қатынаста тізе қосып, табандылық танытуы керек деп есептейді.

АҚШ президенті еуропалық әріптестерімен Еуропаға жасаған сапарынан оралған соң екі күннен кейін телефонмен сөйлескен.

Стамбулда Ресей мен Украина арасында келіссөздің алғашқы отырысы аяқталып, Украина бейбіт келісім бойынша бірнеше ұсыныс жасады. Киевтің шартына қысқа шолып шықтық:

  • Киев делегациясы Стамбулдағы келісімге Украинаның қауіпсіздігіне кепіл беретін халықаралық келісім әкелген. Бұл келісімде Украина тарабы Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Түркия, Франция, Канада, Италия, Польша және Израиль Украинаның қауіпсіздігіне гарант болатын елдер ретінде ұсынған. Кейбір елдер гарант болуға алдын-ала келісімін берді.
  • Егер Украинаға әскери шабуыл жасалса, Киев гарант елдермен үш күн кеңес өткізеді. Ал кеңесу кезінде тараптар қандай да бір дипломатиялық шешімге келмесе гарант елдер Украинаға әскери көмек көрсетуі тиіс. Бұдан бөлек, гарант елдер Украинаның Еуропа одағына мүше болуына көмектесуі керек.
  • Киев бейбіт келісімнің шарттары алдымен референдумға шығарылады, одан кейін гарант елдердің парламенттері және Украина парламенті ратификациялайды деп отыр.
  • Украина бейбіт келісімге қол қою процесі соғыс тоқтаған жағдайда, тыныштықта өтуі тиіс деп мәлімдеді. Яғни, Ресей шабуылды толық тоқтатуы керек.
  • Егер осы процестің бәрі сәтті аяқталса, Украина ешқандай әскери одаққа кірмейтін, ядролық қару ұстамайтын бейтарап статус алуға дайын. Ондай жағдайда Украинада шетелдің әскери базасы мен әскерилері болмайды, Украина аумағында әскери жаттығу гарант елдердің келісімімен өтеді.
  • Украина ұсынған құжатта Қырым мен Донбасс туралы бөлек пункт жазылған. Киев Қырым мен Севастополь статусын 15 жылдың ішінде Ресей-Украина арасындағы келіссөз арқылы шешуді ұсынады. Осы уақытта екі тарап Қырым мәселесін шешу үшін қару қолданбауы тиіс.
  • Украина Донбасс мәселесін екі елдің президенттері талқылауы керек дегенді ұсынып отыр.
  • Киев делегациясы гарант елдермен кеңесу басталғанын, екі аптадан соң гарант елдердің қатысуымен жан-жақты келіссөз жүруі мүмкін екенін айтады.
  • "Донбасс және Қырым мәселесі реттелген жоқ, сондықтан гарант елдер бұл территорияларда жұмыс істемейді. Бірақ біз әлем мойындаған Украина территориясын ғана мойындаймыз" деді Украина делегациясының жетекшісі Давид Арахамия келіссөзден соң.

Келіссөз жайлы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

Ресей Киев облысы мен Чернигов облысында әскери шабуылын бәсеңдетпек

Ресей қорғаныс министрлігі Ресей Киев және Чернигов облысында әскери әрекеттерін азайтатынын мәлімдеді.

Бұл дегеніміз Ресей Киев облысы мен Чернигов облысына шабуылды тоқтатып, әскерін әкете бастайды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG