Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

15:39 24.3.2022

БҰҰ: Украиналық балалардың тең жартысы босқынға айналды

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Украинадағы 7,5 миллион баланың 4,3 миллионы босқынға айналды деп мәлімдеді

"Украинадан шетелге кеткен 3,6 миллион адамның 1,8 миллионы – бала. Сондай-ақ 2,5 миллион бала Украина ішінде босқынға айналды" деді ЮНИСЕФ.

15:23 24.3.2022

НАТО өкілі: Ресей Украинадағы соғыста 40 мыңдай әскериінен айырылды

НАТО өкілдері 23 наурыздағы брифингте Украинадағы соғыста Ресейдің 7 мыңнан 15 мыңға дейін әскериі қаза болуы мүмкін, ал жараланғандар, жоғалғандар және тұтқынға түскендерді есептегенде әскери шығыны 40 мың адамға дейін жетіп қалады деп мәлімдеген. Бұл туралы "Америка дауысы" сайтының тілшісі хабарлады.

"Америка дауысы" тілшісінің айтуынша, НАТО өкілдері бұл есепке Украина тарабының да статистикасын қосқан. Сондықтан бұл деректі жаңа әрі нақты бағалау деп қабылдау қиын. Соғыс уақытында адам шығынын нақты санау да қиындық туғызады.

Ресей НАТО өкілдерінің дерегіне қатысты ештеңе айтпады. Ресей қорғаныс министрлігі 2 наурыздағы мәлімдемесінде 498 әскериі қаза болғанын айтқан, одан кейін Кремль қанша әскериінен айырылғаны жайлы хабарлама таратпады.

14:28 24.3.2022

"Украина әуесінде Ресейдің 250 әскери ұшағы жүр"

Украина қарулы күштерінің бас штабы Украина әуесінде әскери және азаматтық инфраструктураларды шабуыл жасау үшін Ресейдің 250 әскери ұшағы жүр деп мәлімдеді.

Бұған қоса, Украина бас штабы Росгвардия бақылау орнатқан қалалардың халқын наразылыққа шыққаны үшін қоқан-лоқы жасап, қорқытып жатыр деді.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

14:15 24.3.2022

Ресей Изюм қаласын алдық дейді. Украина қала үшін ұрыс жалғасып жатқанын айтады

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков таңертеңгі брифингте Ресей әскерилері Украинадағы Изюм қаласына толық бақылау орнатты деп мәлімдеді. Бұл – Харьков облысындағы ауданның орталығы, қалада 50 мың адам тұрады. Ал Изюм қаласы әкімшілігі қала үшін шайқас жалғасып жатыр деді.

Бұған қоса, Ресей қорғаныс министрі 23 наурызда Украинаның 60 әскери объектісін шабуылдап, екі әскери дрон, 13 зенит ракета кешенін жойдық деді.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG