Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

21:15 25.3.2022

Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай Настоящее время телеарнасының эфирінде облыста жағдай ауыр екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, кейінгі күні шабуылдан 30 ғимарат пен тұрғын үй бүлінген, Гайдай "Ресей әскері Рубежное қаласын басып алуға талпынып жатыр" деді.

21:13 25.3.2022

Украина президентінің кеңсесі Ресей әскери теңіз флотының 200-мотоатқыштар бригадасының 645 солдатын жойдық деп мәлімдеді.

Украина президенті әкімшілігі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович "бригадада 648 әскери қызметкер болған, солардың 645-і қаза тапты, біреуі жараланды" деді.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

20:26 25.3.2022

Ресей бір айда 14 мың украиналық әскериді өлтірдік дейді

Ресей қорғаныс министрлігі соғыста 1351 әскери қаза болып, 3825 әскериі жараланғанын мәлімдеді. Мәскеу бір айда Украинаның 14 мың әскериі қаза тауып, 16 мыңы жараланды деп отыр.

Киев бір айдың ішінде Ресей 16 мыңнан аса әскериінен айырылды (қаза тапқандар мен жараланғандар) деп мәлімдеді. Наурыздың ортасында Зеленский Украинаның 1300 әскери опат болғанын айтқан.

АҚШ қорғаныс министрлігі бір айда Ресей кемі 7 мыңға жуық әскериін жоғалтты деп есептейді.

Соғыс уақытында мұндай деректерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес, бұған қоса әскери қақтығыс кезінде тараптар қарсыласының шығынын асырып, өзің шығынын төмендетіп көрсететінін де ескеру керек.

19:34 25.3.2022

Ресей Украинаның 14 қаласының мэрін кепілге алған

Украина премьерінің орынбасары Ирина Верещук Ресей Украинаның 14 қаласының мэрлерін кепілге алды деп мәлімдеді.

"Ресей шекарашыларға шекарашыларды, моряктарға моряктарды ауыстырамыз деген талабы бар. Ал "Ресей кепілге алған 14 мэрді кіммен ауыстырамыз?" деген сұрағым бар. Қазір бұл мәселені халықаралық деңгейде шешіп жатырмыз" деді Верещук телемарафон кезінде.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG