Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
16:47 18.3.2022

Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тапты деп хабарлады. 889 адам жараланған, зардап шеккендердің 241 бейбіт тұрғын (18 бала, жедел жәрдемнің төрт қызметкері бар).

Киевте 55 ғимарат бүлінген: 36 тұрғын үй, алты мектеп, төрт балабақша.

15:55 18.3.2022

Мариупольде шабуылға ұшыраған театрдың қазіргі көрінісі. Драма театрда мыңдай адам бомбадан бас сауғалап, жасырынып отырған еді. Үйінді астында қалған адамдарды құтқару жалғасып жатыр. Жергілікті билік қазірге дейін 130 адамның құтқарылғанын хабарлады. Қаза тапқандар жайлы хабар жоқ.

Украина шабуылға Ресейді айыптаған. Мәскеу бұл шабуылды Украинаның "Азов" батальоны жасады деп отыр.

15:45 18.3.2022

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Украина аумағына кірген кез келген жүкті қару-жарақ деп санасақ нысанаға аламыз" деп мәлімдеді RT сайтына берген сұхбатында.

Ол НАТО елдері Украинаға ракеталық С-300 комплексін жеткізсе, жоямыз дегенді айтып қалды.

13:43 18.3.2022

Ұлыбритания Кремльшіл Russia Today телеарнасын лицензиясынан айырды

Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдарын реттейтін Коммуникация кеңсесі (Ofcom) Кремльге жақын Russia Today (RT) телеарнасының Ұлыбритания аумағында хабар тарату лицензиясын қайтарып алды.

"RT-ді Ұлыбритания лицензиясына ие болуға лайықты деп санамаймыз" деді кеңсе Twitter-де телеарнаның жауапты хабар таратушылар қатарынан табылуына төзе алмайтынын айтып.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG