Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
18:59 15.3.2022

"Первый каналдың" тікелей эфиріне соғысқа қарсылық білдіріп атып шыққан редактор Марина Овсянникованың ісі Мәскеудегі Останкин аудандық сотында қарала бастады.

"Новая газетаның" жазуынша, сот Овсянникованың ісін әкімшілік хаттама (келісілмеген қоғамдық шара ұйымдастыру) бойынша қарап жатыр. Журналист 10 күнге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

20:10 15.3.2022

Ресей АҚШ президенті Джо Байденге және америкалық шенеуніктерге санкция салды. Бұған дейін Вашингтон да Ресей президенті Владимир Путинге санкция салған.

Ресей санкциясына ілінгендер:

  • Джо Байден , АҚШ президенті
  • Энтони Блинкен, мемлекеттік хатшы;
  • Ллойд Остин, қорғаныс министрі;
  • Марк Милли, Ұлттық штаб басшыларының біріккен комитетінің төрғасы;
  • Джейкоб Салливан, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі;
  • Уильям Бернс, ЦРУ директоры;
  • Дженнифер Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы;
  • Далип Сингх, АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісінің орынбасары;
  • Саманта Пауэр, Халықаралық даму агенттігінің басшысы;
  • Хантер Байден, Джо Байденнің ұлы;
  • Хиллари Клинтон, АҚШ президенттігіне кандидат болған саясаткер;
  • Адевейл Адейемо, Қаржы министрінің орынбасары;
  • Рета Джо Льюис, Экспорт-импорт банкінің президенті.
21:15 15.3.2022

Америкалық Fox News Украинада операторы Пьер Закржевски қаза тапқанын хабарлады. Оператор Киев маңында оққа ұшқан. 55 жастағы Пьер Закржевски мен журналист Бенджамин Холл мінген көлікке оқ тиген. Бенджамин Холл жараланған.

21:23 15.3.2022

Мәскеудегі сот "Первый каналдың" тікелей эфиріне соғысқа қарсылық білдіріп атып шыққан редактор Марина Овсянниковаға 30 мың рубль (шамамен 145 мың теңге) айыппұл салды. Бұл туралы сот залынан "Медиазона" тілшісі хабарлады.

Соттан шыққан соң журналист "екі күндей ұйықтамадым. 14 сағат бойы сұрақтың астына алды. Туыстарыммен байланысуға мүмкіндік бермеді" деді.

Овсянникова тілшілердің басқа сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Марина Овсянникова кеше, 14 наурызда "Первый каналдың" "Время" эфиріне соғысқа қарсы плакат ұстап шығып, қарсылық білдірген.

Журналист Алексей Венедиктов телеграм-каналында "Овсянниковаға айыппұл эфирдегі плакаты үшін емес, видеомәлімдемеде Украинаға басқыншылықты соғыс деп атап, оған Путинді айыптағаны үшін салынды" деп жазды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG