Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

- Біз басқа елдерге шабуылдаймыз ба? Біз басқа елдерге шабуыл жасауды жоспарламаймыз. Украинаға біз… көп рет түсіндірдік: Ресей федерациясының қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген шақ келді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Антальяда Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездесуден соң баспасөз мәслихатында айтқаны.

Антальяда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба арасындағы кездесу аяқталды. Кездесуден кейін Кулеба пресс-конференция өткізіп, "атысты тоқтату туралы келісімге келе алмадық" деді.

"Лавров Мариуполь тұрғындарын эвакуациялайтын гуманитарлық дәліз ашамыз деп уәде бере алмады" деді Кулеба.

Әлемдегі ең ірі көлік корпорацияларының бірі Toyota Motor Ресейдегі өндірісі мен Ресейге экспортын тоқтатты

"Санкт-Петербургтегі зауытымыздағы өндіріс жабдықпен қамтамасыз ету қиындығына байланысты толықтай тоқтады. Дайын көліктерді Ресейге жеткізу де тоқтады. Оған өндіріс тізбегі мен экспорт жолдарындағы мәселелер де түрткі болды" деп келтірді компанияның сөзін ТАСС агенттігі.

Оған дейін Toyota Motor Ресейдегі қызметкерлерін қайтаратынын мәлімдеген. Ол туралы жапон газеті Nikkei жазған. Корпорация 26 қызметкері мен олардың отбасы мүшелерін көшіруге бекінген.

Ресей үкіметі әуе компанияларына лизингіге алынған ұшақты шетелдік иесіне қайтармауға құқық беретін қаулы жобасын әзірледі

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Көлік министрлігі әзірлеген қаулы жобасы regulation.gov.ru сайтында жарияланған. Құжат мәтініне қарағанда, әңгіме келісімшарты 2022 жылғы 24 ақпанға дейін жасалған ұшақтар төңірегінде болып отыр.

Құжат бойынша, лизинг беруші әуе компаниясынан ұшақты немесе оның қозғалтқышын қайтаруды талап етсе, қайтару туралы шешімді импортты алмастыру жөніндегі үкіметтік комиссия (оны қазір вице-премьер Юрий Борисов басқарады) мақұлдауы тиіс. Мұндай шешім болмаса, әуе компаниясы ұшақты одан әрі пайдалана алады.

Оған қоса, әуе компанияларына жалға алу құнын рубльмен төлеуге рұқсат беріледі. Ал сақтандыру жұмыстарымен ресейлік компаниялар айналысады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG