Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге тағы санкция жариялады. Америка Ресейден алкоголь, бриллиант, теңіз өнімдерін импорттауға шектеу қойды.

Байденнің айтқандарынан қысқа-нұсқа:

  • АҚШ әскері мен НАТО Украинадағы соғысқа тікелей араласпайды. Араласса үшінші дүниежүзілік соғыс болады. Бірақ Украинаға қаржылай қолдауды тоқтатпаймыз.
  • Путин мен Ресей әскері бұл соғыста жеңіске жете алмайды.
  • Ресей химиялық қару қолданса, бұл әрекеті үшін жауап беретін болады.

Украина әуе күштері Ресей авиациясы Беларусьтің Дубровица аэродромынан шығып, Беларусьтің Копань, Бухличи и Верхний Теребежов елдімекендеріне әуеден соққы жасады дейді.

"Бұл – арандату. Мақсаты – Беларусь қарулы күштерін соғысқа араластыру" деп жазды украиналық әскерилер.

Ал Беларусь қорғаныс министрлігі Украинаның бұл мәлімдемесін "фейк" деп атады.

Соғыс уақытында мұндай деректерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Ресей президенті Владимир Путин Беларусь режимінің лидері Александр Лукашенкомен кездесуде Украинамен келіссөзде "алға жылжу бар" деді.

Украина мен Ресей делегациясы осыған дейін Беларусьте үш рет кездесіп, келіссөз жүргізген.

Кеше, 10 наурызда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Анталияда жолыққан. Кулеба кездесуден соң "атысты тоқтату бойынша келісімге келе алмадық" деді.

Украина ресейлік RT телеарнасының және "Россия сегодня" ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянды сырттай қамауға алды. Енді Киев Симоньянға халықаралық іздеу жариялауға тырысады.

Бұл туралы Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова хабарлады. Киев кремльшіл журналиске қандай айып таққанын ашып айтпады. Бірақ Симоньян осыған дейін бірнеше рет әлеуметтік желіде, телеэфирлерде Ресейдің Украинаға басып кіргенін қолдаған еді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG