Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіруі Африкада азық-түліктің қымбаттауына әсер етті

Бұл жөнінде AFP агенттігі жазды. Солтүстік Африка елдерінде тұрғындар ұн, жарма және өзге де тауар түрлерін көптеп сатып ала бастаған. Аймаққа бидай экспорттайтын негізгі тасымалдаушы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін азық-түліктің құны қымбаттай бастаған.

Тунис, Марокко, Ливия және өзге де бірнеше араб елі бидайының басым бөлігін Украина мен Ресейден импорттайды. Азық-түлік мұсылмандарға қасиетті саналатын Рамазан айына бірнеше апта қалғанда қымбаттап жатыр.

Кейбір сарапшылар Ресей басқыншылығы аталған аймақта аштық пен тәртіпсіздікке түрткі болуы мүмкін деп қауіптенеді, себебі кейінгі он жылдан астам уақыт ішінде араб елдерінде наразылықтар мен көтерілістерге азық-түліктің қымбаттауы себеп болған.

Qazaq Air компаниясы Ресейге рейстерін қалпына келтіргенін хабарлады

Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге ұшатын рейстерін қалпына келтіргенін хабарлады. Компания 13 наурыздан бастап Ресейге қайта ұша бастайды. Жексенбі күннен бастап билет сатып алуға да болады.

"Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге жоспарланған барлық рейс 13 наурыздан бастап қалпына келетінін және вебсайт арқылы билетке тапсырыс беруге болатынын хабарлайды" деп жазылған компания сайтындағы хабарламада.

Бір күн бұрын компания Ресей әуе кеңістігін сақтандыру мәселесінің туындауына байланысты Ресейге ұшуын тоқтататынын хабарлаған.

Ресейліктерге Инстаграмның орнына Одноклассники мен Вконтакте желілеріне көшуге кеңес берілді

Ресей билігі ел аумағында Инстаграм желісінің бұғатталғанын хабарлап, азаматтарға "Одноклассники" және "Вконтакте" желілеріне көшуді ұсынып жатыр.

Бұғаттау себебін "түсіндірген" биліктің айтуынша, "әлеуметтік желі басшылығы халықаралық құқыққа қайшы әрекет етіп, тарихта тұңғыш рет және ресейліктерге ғана күш қолдануға шақыруға рұқсат берген".

Инстаграмға иелік ететін Meta компаниясы жұма күні Украинаға басып кірген Ресей әскеріне қатысты балағат сөздерді қолдануға тек Украина аумағында ғана рұқсат бергенін хабарлады. Компания дегенмен русофобия мен кез келген дискриминацияға жол бермейтінін ескертті.

Ресейде Инстаграм 14 наурыздан бастап жабыла бастайды. "Роскомнадзордың" айтуынша, белсенді қолданушыларға фото-видео материалдарын өзге әлеуметтік желілерге көшіруге уақыт берілген.

Бұған дейін Ресей бас прокуратурасы Meta компаниясына қарайтын Facebook, Instagram және WhatsApp желілерін экстремистік ұйым деп таныған. Соттан Инстаграмды бұғаттауды жеке талап еткен.

Украина вице-премьері: Сумы мен Киев облыстарынан бір күнде 13 мың адам эвакуацияланды

"14 гуманитарлық дәліздің тоғызы жұмыс істеді" деді Украина вице-премьері Ирина Верещук.

Оның сөзіне қарағанда, Сумы облысынан сенбі күні шамамен 8 мың адам эвакуацияланған. Киев облысында да бірнеше гуманитарлық дәліз ғана істеген. Ирпен, Ворзель елді мекендерінен тұрғындарды көшіру мүмкін болмаған.

Сенбі күні Киев қаласынан екі мың адам көшірілген.

Украина Ресей әскері Киевке штурм жасауға дайындық жасап жатыр деп қауіптенеді. Бұған дейін британ барлау басқармасы Ресей әскерінің негізгі бөлігі Киевтен 25 шақырым жерде тұр деп мәлімдеген.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG