Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресей әскерилері Мариупольдегі аурухана мен перзентхананы атқылағаны хабарланды. Бұл туралы жергілікті билік пен куәгерлерге сілтеме жасаған ВВС сайты жазды.

"Балалар емделетін корпус толығымен қирады. Зардап шеккен балалар бар-жоғын анықтап жатырмыз" деп мәлімдеді Мариуполь қаласының кеңесі.

Украина президенті Владимир Зеленский мемлекетке сатқындық жасағандар мен тонаушылықпен айналысқандарға жазаны күшейтті.

Соғыс уақытында отанын сатты деп айыпталғандардың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін. Ал тонаушылықпен айналысқандар 15 жылға соттау жазасы қарастырылған.

Бұған дейін отанын сатқандарға ең ауыр жаза 15 жыл, тонаушылық жасағандарға 10 жыл еді.

БҰҰ жаңа дерегі бойынша, Украинада соғыс басталғалы 516 бейбіт тұрғын қаза болып, 908 адам жараланған. Қаза тапқандардың арасында 37 бала бар.

Бұған дейін Украинаның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Дарья Герасимчук Ресей Украинаға соғыс ашқалы 61 бала көз жұмды деген.

Ресей әскерилері Мариупольдегі аурухана мен перзентхананы атқылады. Зеленский Ресей әскерінің перзентхана мен ауруханаға шабуылдағанын "айуандық" деп атап, Батыс елдерінен тағы да Украина аспанын "жабуды" сұрады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG