Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

Бас прокуратура Украинадағы соғыс тақырыбына арналған митингілерге рұқсат берілмегенін ескертті

1 мамыр күнгі наразылықтар қарсаңында Бас прокуратура мәлімдеме жасап, Украинадағы соғыс тақырыбына арналған митингілерге биліктің рұқсат бермегенін ескертті. Ведомство сенбі күнгі хабарламасында әлеуметтік желілерде "жекелеген тұлғалар" Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының әкімдіктері "1 мамырда Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысты митингілер өткізуге келісім бергені туралы жалған ақпарат" таратып жатқанын жазған. Ведомство мұның шындыққа сәйкес келмейтінін айтады.

"Ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға жоғарыда аталған қалаларда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар бермеген не келісілмеген. Осылайша заң тәртібімен ұйымдастырылатын бейбіт жиналыстар 1 мамырда қарастырылмаған" деген ведомство "бейбіт жиын өткізу тәртібін" бұзғандар жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертті.

Украинаны қолдау митингісі. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.
Украинаны қолдау митингісі. Алматы, 6 наурыз 2022 жыл.

Бас прокуратура халықты заңды сақтауға, "арандатушылыққа бой алдырмауға" және "заңсыз акциялардан бас тартуға" үндеген.

Қазақстанда бұған дейін Ресей басқыншылығын айыптап, Украинаны қолдаған акциялар өткен. Кейбірінде полиция акцияға қатысқандарды ұстаған.

Бірінші арна соғысқа қарсы шыққан жүргізуші Максим Галкинді бағдарламадан шеттетті

Ресейлік Бірінші арна Украинадағы соғысқа қарсы шыққан "Сегодня вечером" бағдарламасының жүргізушісі Максим Галкинді бағдарламадан шеттетті. Галкиннің орнына биші Николай Цискаридзе жүргізуші болып келеді. Бұ жөнінде "Комсомольская правда" және "СтарХит" сайттары хабарлады.

Жуырда "СтарХит" Галкин соғысқа байланысты айтқан сөздері үшін бағдарламадан шеттетілетінін жазған. Тележурналист Мария Борзунова құпия дереккөзге сүйене отырып, комикпен келісім-шарттың үзілуі оның соғысқа қарсы мәлімдемесімен тікелей байланысты екенін айтқан. Арна ресми түрде түсініктеме бермеді.

Максим Галкин.
Максим Галкин.

Украинада соғыс басталғалы бері Максим Галкин Ресей билігінің әрекетін сынап, қантөгісті тоқтатуға шақырып келеді. Қақтығыс тұсында Максим Галкин мен әйелі, әнші Алла Пугачева Ресейден кеткен.

  • Галкин – соғыс басталғалы бері эфирден көрінбей кеткен жалғыз федералдық арна жүргізушісі емес. Бірінші арна Владимир Познер мен Иван Урганттың бағдарламаларын да эфирден алып тастаған. "Что? Где? Когда?" бағдарламасы тікелей эфирден берілмейтін болған, ал "Можем объяснить" басылымының жазуынша, ойынға қатысып жүрген көптеген жас жобадан кеткен, алты адамнан құралған командалардың кейбірінде бір-екі адам ғана қалған.
  • "Россия 1" арнасында Сергей Брилевтің "Вести в субботу" бағдарламасы да эфирге шықпай қалған. Ресми ақпарат бойынша, ол іссапарға кеткен.

Польша Украинаға 200-ден астам танк (Т-72) және жаяу әскерге арналған ондаған әскери техника жеткізді

Ресей басқыншылығы басталғалы бері Варшава Киевке құны 1,5 млрд еуро болатын әскери техника мен жабдық берген. Поляк радиосының хабарлауынша, Чехия да Украинаға Т-72 танкілерін беріп көмектескен. Украина армиясында бұл танкінің 400 данасы бар.

29 сәуір. Украинадағы соғыста не болды?

  • АҚШ арнайы қызметі «Новая газета» басылымының бас редакторы Дмитрий Муратовқа шабуылды Ресейдің арнайы қызметтері жасады деп санайды. Бұл туралы АҚШ билігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап The Washington Post газеті жазды.
  • Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа шетелдік лидерлер шақырылмайтынын айтты. Парадқа Қазақстан президенті Тоқаев та шақырылмайды.
  • 28 сәуірде Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан Азаттық радиосы Украин қызметінің журналисі Вера Гирич қайтыс болды. Оның мәйітін 29 сәуірде қираған үйдің астынан тапқан.
  • Чехия Ресейге газ бағасын рубльмен төлемейтінін мәлімдеді. Бұған дейін ЕО бірнеше елі Кремльдің «газ бағасын рубльмен төлеу» шартын орындаудан бас тартқан.
  • Украина қарулы күштері Харьков облысындағы Русская Лозовая ауылын ресейлік күштерден босаттық деп мәлімдеді.
  • Одесса облысында 1 мамыр кешкі 10-нан 3 мамыр таңғы 5-ке дейін комменданттық сағат енгізілді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG