Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

"Урал" мотоциклін шығаратын Ural Motorcycles компаниясы санкция салдарынан өндірісін Ресейден Қазақстанға көшіреді

Компанияның бұл шешіміне қажет құрал-жабдықтың жетіспеуі және Ресей техникасының импортына салынға санкциялар түрткі болған. Кейінгі жылдары жанында арбасы бар "Урал" мотоциклдері Батыс елдеріне сатылып жүрген. Импорттаушылар арасында АҚШ та бар.

Ural Motorcycles Ресейдің Свердлов облысындағы қазіргі кәсіпорнында қызметкерлерінің санын қысқартып, Қазақстанның Петропавл қаласынан ашылатын зауытына жаңа жұмысшы жалдамақ. Компания менеджерлері түгелдей Қазақстанға көшірілмек.

Мариуполь түбінде тағы бір жаппай жерлеу орны табылды

Мариупольден бес шақырым жерде бауырластар зиратына ұқсайтын орын анықталды. Азаттық радиосы Украин қызметінің "Схемы" жобасы зиратқа арналып қазылған траншеялар көрінетін спутник суреттерін жариялады. 24 наурыз күні траншея ұзындығы 60-70 метр болған. Траншея Ескі Қырым елдімекеніндегі зираттың аумағынан қазылған. Бұл ауыл сол кездің өзінде-ақ Ресей бақылауында болған. Бір айдан кейін траншеяның ұзындығы 200 метрге жеткен. Кей бөлігі көмілген.

Путин мен Гутерриш кездеспек

Бүгін, 26 сәуірге Ресей президенті Владимир Путин мен БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриштің жеке кездесуі жоспарланған. Екеуі Украинадағы соғысты талқыламақ. Бұған дейін Гутерриш Мәскеуге барып Путинмен Украинадағы қақтығысты тоқтату жайын талқылайтынын айтқан еді.

БҰҰ Бас хатшысы Путинмен кездесу алдында, 25 сәуірде Түркия президенті Режеп Ердоғанмен сөйлескен. Кейін Кремль де Путин мен Ердоған алдағы уақытта телефон арқылы сөйлесетінін айтқан.

Украина президенті Зеленский демалыс күндері Гутерриштің алдымен Киевке емес Мәскеуге барғанын сынға алған.

26 сәуір. Украинадағы соғыста қазірге дейін не болды?

  • Украина әскерінің бас штабының есебінше, Ресей әскері Украинаның шығысы мен оңтүстігіне шабуылын үдетіп келеді, бірақ бір күннің ішінде фронтта айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
  • БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарының есебінше, соғыс басталғалы Украинада 2665 бейбіт тұрғын қаза болған, оның арасында 195 бала бар. 3053 бейбіт тұрғын жараланған. Ал Украина бас прокуратурасының есебінше, соғыс басталғалы 213 бала қаза тапқан.
  • Ұлыбритания қорғаныс министрлігі соғыс басталғалы Ресейдің 15 мың әскериі қаза тапты деп санайды.
  • Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Украинадағы Кременная қаласы Ресейдің бақылауына өтуі мүмкін деп болжайды. Ведомоство Изюмнің оңтүстігінде ауыр шайқас жүріп жатқанын айтады.
  • Польша премьері Матеуш Моравецкий Варшава Украинаға танкілер бергенін мәлімдеді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG