Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

Подоляк Украина Ресейдің әскери объектілеріне шабуыл жасауы мүмкін екенін айтып қалды

Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де Украина Ресей агрессиясынан қорғану үшін бәріне баратынын, керке болса Ресейдің әскери базалары мен қару-жарақ қоймаларына да шабуылдайтынын жазды.

Ол бұл қадамымызды «әлем қабылдайды» деді. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина Ресейдің әскери объектілеріне шабуыл жасау-жасамауды өзі шешеді деген.

Херсон мэрі: Ресей Херсонда референдум өткізбей, Қырымға қосуы мүмкін

Херсон мэрі Игорь Колыхаев украиналық «НВ» телеарнасының эфирінде «Ресей әскерилері «Херсон халық республикасын» құру бойынша референдум өткізбейтін сияқты, есесіне оккупацияланған аумақты Қырымға қосуды жоспарлайды деп ойлаймын» деді.

«Қазір менің бағамдап тұрғаным: референдум болмайды. Менің ойымша, олар облысты Қырымға қосатын сияқты. Тағы бір квазимемлекет құрудың мәні жоқ. Референдумға дайындық болып жатқан жоқ» деді мэр.

Киевке шабуылдан бір адам қаза болғаны хабарланды

Ресейдің Киевке жасалған ракеталық шабуылынан кемі бір адам қаза болды деп мәлімдеді қала мэрі Виталий Кличко. Оның сөзінше, мәйіт қираған үйдің астынан табылған.

Бұл шабуыл БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Киевке сапары кезінде жасалды. Украина президенті Зеленский Ресейдің шабуылын БҰҰ-ны масқаралау деді. Кремль бұл шабуылға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Киевке шабуылдан Азаттықтың Украин қызметінің журналисі қаза болды

Вера Гирич
Вера Гирич

28 сәуірде Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан Азаттық радиосы Украин қызметінің журналисі Вера Гирич қайтыс болды. Оның мәйітін 29 сәуірде қираған үйдің астынан тапқан. Бұл туралы оның әріптесті Александр Демченко хабарлады.

Біраз уақыт бұрын Киев мэрі Виталий Клички «Ресейдің Киевке жасалған ракеталық шабуылынан кемі бір адам қаза болды» деп мәлімдеген еді. Кейін марқұмның журналист Вера Гирич екені анықталды.

Гирич Азаттықтың Киевтегі бюросында 2018 жылдың 1 ақпанынан бері жұмыс істеп келген. Оған дейін ол Украинадағы белгілі телеарналарда жұмыс істеген еді.

Бұл шабуыл БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Киевке сапары кезінде жасалды. Украина президенті Зеленский Ресейдің шабуылын БҰҰ-ны масқаралау деген еді.

Ресей қорғаныс министрлігі Киевке шабуылдың мақсаты "Артем" қорғаныс объектісі болғанын айтады. Бірақ Киев басшылығы ракета тұрғын үйлерге тигенін мәлімдеді.

Украина ұлттық журналистер одағының есебінше, Ресей Украинаға соғыс ашқалы 20 журналист пен БАҚ қызметкері қаза болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG