Accessibility links

Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.
Израиль армиясының кезекті қарымта шабуылынан кейін құлаған ғимараттың қасында ашу-ызасын айтып тұрған адам. Газа қаласы, 11 қазан, 2023 жыл.

Газа секторындағы жалғыз электр станциясы сөндірілді

ХАМАС шабуылынан Израильде қаза тапқан адам саны 1300-ге жеткен. Газа секторындағы денсаулық сақтау министрілігі 1200 палестиндік мерт болды дейді. Екі жақтан 9 мыңнан астам адам жараланған. ХАМАС тобы Газа секторынан тұтқиыл шабуыл жасаған соң Израиль кейінгі 50 жылда алғаш рет соғыс жағдайына көшкенін ресми түрде жариялады.

13:51 9.10.2023

Қазақстан СІМ: Газа секторында кемінде 25 азаматымыз бар

ХАМАС тобының тұтқиылдан жасаған шабуылына қарымта ретінде Израиль соққы беріп қиратқан ғимараттардың қасынан өтіп бара жатқан адамдар. Газа, 9 қазан, 2023 жыл.
ХАМАС тобының тұтқиылдан жасаған шабуылына қарымта ретінде Израиль соққы беріп қиратқан ғимараттардың қасынан өтіп бара жатқан адамдар. Газа, 9 қазан, 2023 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің дерегі бойынша, Газа секторында кемінде 25 қазақстандық бар. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

"Негізінен олар палестиндіктерге күйеуге шыққан біздің азаматтарымыз" деді. Смадияров. Оның сөзінше, Газа секторындағы қазіргі жағдайға байланысты неғұрлым толымды ақпарат алуға мүмкін болмай отыр.

"Келіп түскен кейбір хабарларға қарағанда, Израильдің құрлықта операция жасау жоспарына және әуеден бастырмалата соққы беретініне байланысты қауіпсіз орын іздеп, Газа секторын тынымсыз кезіп жүрген бірнеше отбасы бар" деген Смадияровтың сөзін келтірген Orda telegram-каналы.

Al Jazeera телеарнасы Палестинаның денсаулық сақтау органдарының өкілдерінің сөзіне сүйеніп, Израильдің Газа секторындағы әскери іс-қимылынан қаза тапқандар саны 493 адамға жеткенін хабарлады. 2750 адам жараланған деп хабарлады ВВС.

Палестиналық ХАМАС радикал тобы (АҚШ пен Еуропа одағы террорлық ұйымдар тізіміне енгізген) 7 қазанда Израильге әуелі әуеден көп зымыранмен шабуыл жасағаннан кейін Газа секторындағы бекініс шебін бұзып өтіп, жақын аудандарға тұтқиылдан басып кірген. Қарулы радикалдар кей тұстарда ондаған километрге дейін дендеп еніп, бейбіт тұрғындарды жаппай қырып-жойған, біршама адамды кепілге алып кеткен.

8 қазан кешке Израиль тарапынан қаза тапқандар саны 700-ден асты, екі мыңға жуық адам жараланған, жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткен. ХАМАС тобы көп адамды кепілге алып, Газаға әкеткен, олардың арасында балаларе, әйелдер, қарт адамдар бар.

Жексенбіде Израиль үкіметі ел соғыс жағдайына көшкенін жариялады. Резервте тұрған ондаған мың адам армия қатарына шақырту алды.

13:34 9.10.2023

Қазақстан СІМ: Израильде қаза тапқан, жараланған я кепілге алынғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Айбек Смадияров 9 қазанда Астанадағы брифингте ХАМАС тобының шабуылына ұшыраған Израильдегі Қазақстан азаматтары жайлы ақпарат берді.

Оның сөзінше, Израильде Қазақстанның консулдық есебіне тұрмаған 400-ден астам қазақстандық бар, бірақ оларды іздеп табу қиындық туғызып отыр.

Кейінгі екі күнде қазақстандық дипломаттар "жедел желі" бойынша түскен 500-ден астам қоңырауды сұрыптаған. Арнайы ашылған чаттта қазір Израильде жүрген 200-ден астам Қазақстан азаматы тіркелген.

118 қазақстандық елге оралуды ұйғарған, қазір оларды алып кетуге арнайы рейс дайындалып жатыр деп хабарлады СІМ өкілі.

"Осы сәтке келіп түскен мәліметтерде Израильде қаза тапқан, жараланған я кепілге алынғандар арасында қазақстандықтар бар деген ақпарат болған жоқ", – деді Смадияров дүйсенбі күнгі брифингте.

Бұдан бір күн бұрын Қазақстан СІМ "көптеген бейбіт тұрғынның қаза табуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді" деп мәлімдеген. Қазақстан дипломаттары жанжалға қатысушы тараптарды "қалыптасқан жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге" үндеген.

13:13 9.10.2023

Венгрия бір түнде 215 азаматын Израильден алып кетті

Израильдің әуе шабуылынан кейін көтерілген түтін. Газа секторы, 9 қазан, 2023 жыл.
Израильдің әуе шабуылынан кейін көтерілген түтін. Газа секторы, 9 қазан, 2023 жыл.

Венгрияның сыртқы экономикалық қатынастар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто Израильден 215 венгр азаматы көшірілгенін мәлімдеді. Министр бұл жөнінде 9 қазанда қазанда таңертең Facebook-парақшасына жазды. Ақпаратқа қарағанда, Венгрия азаматтары Израильден мінген екі ұшақ ел астанасы Будапештке қонған.

13:01 9.10.2023

Қырғызстан Израиль мен ХАМАС-ты соғысты тоқтатып, диалог бастауға шақырды

"Қырғыз Республикасы көп адамның ажалы мен бүліншілікке апарып соққан Израиль-Палестина жанжалының ушығуын алаңдаушылықпен бақылап отыр. Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізу, бейбіт адамдарды қорғау мен тұрақтылық үшін тараптарды соғыс қимылын доғаруға және тезірек саяси-дипломатиялық диалог бастауға үндейміз", – деп жазылған 9 қазанда Қырғыз СІМ жариялаған мәлімдемеде.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG