Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия және Кавказға көбірек назар аудармақ

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Соломон Пасси Еуропадағы ең ірі құқыққорғаушы халықаралық ұйым ретінде Кавказ және Орталық Азия аймақтарына енді көбірек назар аударуымыз қажет деп мәлімдеді. Енді Кавказ және Орталық Азия аймақтарының саяси және экономикалық дамуының кеңеюіне көмектескеніміз жөн, - деді Соломон Пасси. Осы мақсатпен ұйымның жылдық экономикалық және құқыққорғау мәслихаттарын Орталық Азия және Кавказ елдерінде өткізу керек деген ұсыныс айтылды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы еуропалық деп аталғанымен оның қатарында Орталық Азиядан бес мемлекет және Оңтүстік Кавказдан үш мемлекет бар. Ұйым төрағасы Соломон Пасси осы құбылмалы аймақтарға көбірек араласқымыз келеді деп соңғы апталарда бірнеше рет айтты. Ұйым өкілі Михаил Евстафиев "Азаттық" радиосына айтқандай, Соломон Пасси жаз басында ортаазиялық және кавказдық мемлекттердің басшылырына хат та жолдады. Онда халықаралық ұйымға қатысуда батылдау белсенділік атқару ұсынылды, оның ішінде ұйым төрағалығы міндетін атқыру мүмкіншілігі айтылды.

Михаил Евстафиев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы болуға Қазақстан қызығушылық танытып отыр дейді. Ұйым өкілі Михаил Евстафиевтың айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айының басында ұйымның Венадағы бас пәтеріне сапар шекпек.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жылдық экономикалық және құқыққорғау мәслихаттарын Орталық Азия және Кавказ елдерінде өткізу керек дегенде ұсыныс айтылды. Экономикалық форумды Орталық Азияның бір елінде өткізу керек делінсе, Адам дамуы конференциясын Кавказдың бір елінде өткізген жөн делінді.

Лондонда орналасқан "Джейнс дефенс" институтының аймақтық сарапшысы Алекс Ватанка Батысқа төніп тұрған қауіптерді алдымен Шығыста қарастырған жөн-ақ, бірақ бұл оңай шаруа болмайды дейді:

- Сіз авторитарлық үкіметтермен шаруа тындырып отырсыз. Сіз қатыгез басшылармен іс жасап отырсыз. Бұл жерде экономикалық интеграция тапшы, бұл жерде аймақтық әріптестік жоқтың қасы. Екінші жағынан қарасаңыз, орталықазиялық мемлекеттерді алаңдатып отырған көптеген мәселе аймақтық өлшемнен шығып отыр. Шеттен көмек болмаса мұнда шешілетін мәселе жоқ. Мәселен, Өзбекстандағы терроризм мәселесін тек қане Ислам Кәрімовтың үкіметімен қол ұстасып шешу мүмкін емес.

Лондонда орналасқан "Джейнс дефенс" институтының аймақтық сарапшысы Алекс Ватанка демократиялық өзгерістерге бой бермей келе жатқан үкіметтерге Батыстың қысымы ебімен күшейе берсе нәтиже шығады дейді. Алекс Ватанка мысалға Еуропа Одағына 40 жыл бойы ұмтылып келе жатқан Түркияны келтірді.

Брюсселде орналасқан "Халықаралық дағдарыс тобының" сарапшысы Сабин Фрейзер болса Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бастамасына мынандай пікір танытып отыр:

- Бұл ұйымның соңғы бірнеше жылда ұстанып келе жатқан бағыты - өз қызметін Кавказ және Орталық Азияда қатар кеңейту. Әлбетте, Кавказ және Орталық Азия шаруаларына кеңірек дәрежеде араласу ұмтылысы жақсы бағыт болып табылады.