Кәсіпкерлер президентке хат жазды

ҚР тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы ҚР президентінің атына қаржы полициясы ұстаған Серік Тұржановқа қатысты жағдайды анықтау мен әділ шешім шығаруды сұрап хат жолдады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, маусымның 2-і күні жемқорлық жасады деген күдікпен «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов қамауға алынған еді.

«Біз Серік Тұржановтың жемқорлыққа қатыстылығына сене алмай отырмыз, өйткені оны танымал бизнесмен, қоғам қайраткері, Алматы әкімшілігінің шағын бизнес департаментін 8 жыл басқарған басшы және Қазақстанның шағын және орта бизнесін қолдау ісіне елеулі үлес қосқан азамат ретінде білеміз», — делінген хат мәтінінде.

Сондай-ақ кәсіпкерлер қаржы полициясы жұмысында қате кетуі мүмкін және ол көп кешікпей жөнделетін шығар деген үмітте.