"Баспасөз бостандығын бірге қорғайық!"

Журналистер, саясаткерлер мен қоғам өкілдері наразылық акциясын өткізуге Ұлттық баспасөз-клубының алдына жиналды - Сөз бостандығын қорғап наразылық акциясын өткізуді ұйғарғандар Ұлттық баспасөз-клубының алдына таңертеңгі сағат 10-нан бастап келе бастады. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Наразылық таныту шарасына оппозициялық партияның өкілдері де қатысты - Сағат 11-ге жақындағанда бұл жерге "Азат" партиясының жетекшілері Болат Әбілев пен Петр Своик та келді. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Өзге кәсіптің иелері де журналистерге қолдау білдірді - Журналистерге қолдау танытуға түрлі өнер өкілдері де келді. Оң жақта - суретші Қанат Ибрагимов. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Шара басталмай жатып әркім өз жұмысына кірісіп кетті... - Наразылық акциясы өтетін жерге келген прокурор мен полиция да, фото тілші де өз міндеттерін атқаруда. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Прокурор мен саясаттанушының пікірталасы - Наразылық акциясының алдында Алматының Медеу аудандық прокуратурасының өкілі Дәурен Мамутов оған қатысушыларға бұл шараның заң талаптарына қайшы екендігін түсіндірмек болды. Алайда саясаттанушы Виктор Ковтуновский (сол жақта) прокурордың айтқанына қарсы уәж білдірді. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

“Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ...” - Сөз бостандығын қорғаушы “Әдiл сөз” қорының президенті Тамара Калеева сөз еркіндігін қорғау акциясына аузын ақ шүберекпен байлап шықты. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Журналистер баспасөз бостандығының бұзылмауын талап етті - Журналистер наразылық шарасына биліктен баспасөз құралдарына қысым жасауды тоқтатуды талап еткен жазулар ұстап шықты. 24 маусым, 2009 жыл.

Оппозициялық газеттердің редакторлары билікке талап айтылған жазу ұстап наразылық акциясының бел ортасында жүрді - Қазақстандағы оппозициялық басылымдардың бірі - "Свобода слова" газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева наразылық акциясында. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Сөз бостандығын қорғау митингісіне журналист Сергей Дуванов та қатысты - Журналист Сергей Дуванов Қазақстандағы БАҚ еркіндігі мен сөз бостандығын қорғауға арналған наразылық акциясында. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Журналистер оппозициялық "Тасжарған" газетімен соттасқан парламент депутаты Ромин Мадиновтың суретін ұстап тұр - Сөз бостандығына қысым жасамауға арналған наразылық акциясына журналист Ермұрат Бапи (оң жақта) және «Қазақстан» газетінің бас редакторы Серғазы Мұхтарбек (жазу ұстап сол жақта тұр) «Тасжарған» газетінен сот арқылы 300 миллион теңге өндіріп алмақ болған парламент депутаты Ромин Мәдинов бейнеленген жазумен шықты. Алматы қалалық соты бұл істе жауапкер тарапқа 30 миллион теңге айыппұл белгілеген соң, оппозициялық басылым шығуын тоқтатты. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Полиция алдымен журналистердің қолдарындағы жазуларды тартып алмақшы болды - Наразылық акциясына шыққандар өз талаптары айтылған жазуларды қолдарына көтеруі мұң екен, олардан саны жағынан көп полиция да қимылға көше бастады. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Талап-ұран жазылған плакаттың бірі полицияның қолына да түсті - Наразылық білдіруге шыққандардың қолынан полиция қызметкерлері қара күшке салып, бірнеше ұран жазылған плакатты тартып алды. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Андрей Свиридов: "Журналистер бейбіт жиын өткізуге Алматы әкімдігінен рұқсат ала алмады..." - Журналист, құқық қорғаушы Андрей Свиридов соңғы 13 жылдың көлемінде алғаш рет, журналистердің кәсіби мейрамы қарсаңында, заңды жиын өткізуге екі рет өтініш жазған баспасөз өкілдеріне биліктің рұқсат бермей қойғанын айтады. Алматы, 24 маусым 2009 года.

Наразылық акциясына шыққандарды полиция жолға жібермей бөгеп тұрды - Сөз бостандығын қорғау акциясына шыққандар полиция қызметкерлерінің жіті қадағалауында болды. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Баспасөз бостандығын қорғаушы ұйымдардың өкілдері наразылық акциясына қатысуда - Суретте: оң жақтан бірінші тұрған - "Журналистер қауіп-қатерде" қорының президенті Розлана Таукина және "Әділ сөз" қорының президенті Тамара Калеева (оң жақтан екінші) әріптестерімен бірге наразылық акциясында. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Саясаткер Петр Своик баспасөз еркіндігін қорғау шарасында - Сөз және баспасөз бостандығын қорғауға арналған наразылық акциясына қатысқан саясаткерлердің бірі - "Азат" партиясы төрағасының орынбасары Петр Своик. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Полицияның қадағалауындағы журналистер жиыны - Наразылық акциясына қатысушыларды бақылап тұрған полицияның қырағы қызметкерлері. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Наразылық акциясына шыққандардың арасында тұтқында отырған журналистің зайыбы да болды - Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қозғаған қылмыстық іс бойынша Тараз сотында айыпталып отырған "Алма-Ата инфо" газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың әйелі Раушан Есіргепова (сол жақта) баспасөзді қудалауға наразылық таныту шарасында тұр. 24 маусым, 2009 жыл.

Наразы жұрттың үні билікке жете ме?.. - Болат Әбліов, "Азат" партиясының төрағасы, сөз бостандығын қорғауға арналған наразылық шарасында. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Наразылық акциясына қатысушылар интернет туралы заңның қабылдануына да қарсылық білдірді - Интернетке қатысты заң жобасымен келіспейтіндер оның сөз бостандығын шектейтінін алға тартты. Алайда дәл осы күні Астанада Қазақстан парламенті даулы заң жобасын түпкілікті қабылдап, қол қоюға президентке жолдады. 24 маусым, 2009 жыл.

Қазақстандағы сөз еркіндігін қорғауға арналған шараға жас журналистер белсенділікпен қатысты - "Жас Алаш" газетінің журналисті Жанболат Мамай - сөз және баспасөз бостандығын қорғауға арналған наразылық акциясына қатысқан жастардың бірі. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.