Қамаудағы топ- менеджерлердің әйелдері саясат сахнасында

Тұтқындалған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің әйелі - Жәмила Жәкішева. - Жәмила Жәкішева ҰҚК түрмесінің алдында күйеуімен кездесу күтуде. Астана, 31 шілде, 2009 жыл. «Қазатомпромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев пен оның бұрынғы орынбасарларына мемлекет қаржысын жымқырған деген айып тағылған. Іс парламенттің экс-депутаты Татьяны Квятковскаяның «Қазатомпромның» басшылығында отырған М.Жәкішевке қатысты қылмыстық тергеу жүргізілуін талап еткен мәлімдемесінен кейін қозғалған болатын.

«Қазатопромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің жұбайы - Жәмила Жәкішева. - Жәмила Жәкішева ҰҚК түрмесінің алдында сұхбат беруде. Астана, 4 маусым ,2009 жыл. Дәл осы күні «Қазатомпромның» тұтқындалған топ-менеджерлерінің әйелдеріне күйеулерімен кездесуге рұқсат етілмеді.

«Қазатомпромның» тұтқындалған топ-менеджерлерінің әйелдері ҰҚК түрмесінің алдында. - «Қазатомпромның» тұтқындалған топ-менеджерлерінің әйелдері Жәмила Жәкішева, Марийка Цоцория және Наталья Парфенова күйеулерімен кездесуге қол жеткізбек. Астана, 4 маусым ,2009 жыл. Ақыр соңында комитет қызметкерлері оларға күйеулеріне арналған сәлем сауқаттарды жеткізуге уәде беріп, кездесуді ұйымдастырмақшы болды.

Тұтқындалған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтың әйелі - Жәмила Жәкішева. - Жәмила Жәкішева 2009 жылдың 9 маусымындағы баспасөз- мәслихатында «Хабар» арнасынан «Қазатомпромның» экс-басшысы Мұхтар Жәкішевті әшкерелейтін бейнематериалдың көрсетілуін сынға алды. Онда ҰҚК материалдары пайдаланылған еді.

«Қазатомпромның» бұрынғы топ-менеджері Дмитрий Парфеновтың әйелі - Наталья Парфенова. - Дмитрий Парфенов «Қазатомпромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің орынбасары қызметін атқарған. Жәкішевтен кейін тұтқындалған Дмитрий Парфенов «куәгерлерді қорғау» бағдарламасы бойынша жасырын пәтерде екендігіне қарамастан, туған-туыстары және баспасөз өкілдерімен еркін кездесу мүмкіндігінен айрылған.

«Қазатомпромның» тұтқындалған бұрынғы вице-премьері Малхаз Цоцорияның әйелі - Марийка Цоцория. - Марийка Цоцория «Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымының директоры Кеннет Росстың баспасөз -мәслихатында тұтқындалған күйеуі Малхаз Цоцорияның «куәгерлерді қорғау» бағдарламасы бойынша жасырын пәтерде екендігіне қарамастан, туған-туыстары онымен кездесе алмай отырғандығын айтты.

«Қазатомпром» президентінің орынбасары Асқар Қасабековтың әйелі - Гаухар Қасабекова. - Аскар Қасабеков Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалған басқа да бұрынғы орынбасарларымен бірге ҰҚК жасырын пәтерінде отыр.

Тұтқындалған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің әйелі - Жәмила Жәкішева. - Жәмилә Жәкішева Татьяна Квятковскаяның тұтқындалған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевке қарсы кезекті баспасөз - мәслихатынан кейін журналистерге сұхбат беруде. Алматы, 12 маусым 2009 жыл.

Тұтқындалған полиция офицері Талғат Қыстаубаевтың әйелі - Сара Сағындықова. Алматы, 1 шілде, 2009 жыл. - Полиция офицері Талғат Қыстаубаев топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі болып істеген. Ол да тұтқындалды. Алматы, 1 шілде, 2009 жыл.

Марийка Цоцория баспасөз - мәслихатында жылап жіберген Сара Сағындықованы жұбатуда. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл. - Полиция майоры Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова күйеуінің жемқорлық қылмыс жасады деп тұтқындалған Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі болғандығын тек ҰҚК-де білген. Сара Сағындықованың сөзіне қарағанда, оның күйеуі Талғат Қыстаубаев мамырдың 24-і кешке жұмысқа кеткеннен қайтып оралмаған. Келесі күні ол күйеуін іздегенмен таба алмаған, ал кешке ҰҚК қызметкерлері келіп, Талғат Қыстаубаевтың ұсталғандығы туралы қағаз көрсеткен. Одан кейін олар пәтерді тінтіп, келесі күні өзінен де жауап алған.

Малхаз Цоцорияның әйелі - Марийка Цоцория. - Марийка Цоцория - «Казатомпром» компаниясының тұтқындалған вице-президенті Малхаз Цоцорияның әйелі баспасөз- мәслихатында. Алматы, 24 маусым, 2009 жыл.

Тұтқындалған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева баспасөз- мәслихатында. Алматы, 22 шілде 2009жыл. - Бұл баспасөз- мәслихатында кейіннен қылмыстық айыптау бойынша 4 жылға сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис те болған еді. Жәкішева мен Жовтис Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде болған сапарларын қорытындылады. Онда олар Мұхтар Жәкішевтің төңірегінде болып жатқан жайттар туралы саяси институттар мен батыстық қоғамға жеткізген.

Жәмила Жәкішева ҰҚК түрмесінің алдында күйеуімен кездесу күтуде. Астана, 31 шілде, 2009 жыл. - Жәмила Жәкішева мен оның жанындағы адам ҰҚК түрмесінің алдында Мұхтар Жәкішевпен кездесуді күтіп тұр. Жәмила Жәкішева өзінің адвокатынсыз тергеу изоляторының аумағына кіруден бас тартты. Біршама уақыттан кейін мекеме әкімшілігі оған да кіруге рұқсат берді, бірақ адвокат ерлі-зайыптылардың кездесуіне қатыстырмады. Астана, 31 шілде, 2009 жыл.

Тұтқындалған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің әйелі - Жәмила Жәкішева. - Тұтқындалған Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева баспасөз- мәслихатында. Алматы, 3 тамыз, 2009 жыл.

Жәмила Жәкішева мен Сара Сағындықова Алматыдағы баспасөз – мәслихатында. 3 тамыз, 2009 жыл. - Сол кезде «Казатомпромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтың күзетшісі болған Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова тұтқындалған күйеуімен жақын арада кездесу ұйымдастырылмаса, өзін өртейтіндігін мәлімдеді.

Тұтқындалған полиция офицері Талғат Қыстаубаевтың әйелі - Сара Сағындықова. - Сара Сағындықова - «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі болып қызмет етіп, 24 мамырда тұтқындалған Талғат Қыстаубаевтың әйелі.

Тәуелсіз журналист Рамазан Есіргеповтың әйелі - Раушан Есіргепова. - «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов ҰҚК-нің құпия құжаттарын жариялағаны үшін 3 жылға сотталған. Алматы, 19 тамыз, 2009 жыл.

Тәуелсіз журналист Рамазан Есіргеповтың әйелі Раушан Есіргепова сөз бостандығын қорғау шарасына қатысуда. - Раушан Есіргепова қолына күйеуін қорғауға бағытталған плакат ұстап тұр. «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов ҰҚК-нің құпия құжаттарын жариялағаны үшін 3 жылға сотталған. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Раушан Есіргепов мен Жәмила Жәкішева. - Сотталған тәуелсіз журналист Рамазан Есіргеповтің әйелі Раушан Есіргепова мен «Қазатомпромның» тұтқындалған президентінің әйелі баспасөз – мәслихатынан кейін әңгімелесіп тұр. Алматы, 15 маусым 2009 жыл.

Мейрам Тұржанова - тұтқындалған бизнесмен Серік Тұржановтың әйелі баспасөз- мәслихатында. Алматы, маусым, 2009 жыл. - «КИІК» фирмасының құрылтайшысы Серік Тұржанов 2009 жылы халық санағын өткізуге бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен 2 маусымда тұтқындалған болатын. Бұл іске қатысты «КИІК» фирмасының бас директоры мен Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаев та тұтқындалған еді. Тұржановтың қорғаушысы өзінің қорғалуындағы азаматтың құқы бұзылып жатқандығын мәлімдеген. Бизнесменнің туыстары да оны қорғап, бірнеше рет бұл процеске қатысты пікірлерін білдіріп, қаржы полициясы басшылығына сыни пікірлерін де айтқан болатын.

Мейрам Тұржанова - тұтқындалған бизнесмен Серік Тұржановтың әйелі баспасөз- мәслихатында. Алматы, 26 тамыз 2009 жыл. - Мейрам Тұржанова қоғамдық қорғаушы ретінде бизнесмен Серік Тұржановты мемлекеттік қаржыны жымқырды деп айыптап отырған қаржы полициясын сынға алып бірнеше рет баспасөзге сұхбат берген еді. Сондай-ақ бизнесменнің адвокаты да азаматтың кәсіби қорғалуға деген құқының бұзылып отырғандығын айтады.